- Ақпаратты-сараптама және таңғы бағдарламалар
«Жаңалықтар» Еліміздегі және әлемдегі күн сайынғы жаңалықтар желісі Қазақ радиосында.
«Қайырлы таң, қазақ елі!» Әрбір редактор-жүргізуші бір айда эфирлік уақыт үшін 540 минут уақыт жұмсайды. Аталған айдарлар әр күнге бөлінген. 3 минут көлемінде эфирден өтеді...
Cпорт.kz Еліміз бен әлемдегі спорт жаңалықтары Қазақ радиосының Cпорт. kz ақпараттық –сараптама бағдарламасында.
- Әлеуметтік бағдарламалар
«Заңгер кеңесі» Бүгінгі халыққа қазіргі тұрмыста жиі кездесетін үй сатып-алу, сату, ажырасу, мүлік бөлісі, бала асырау т.б. жағдайларға байланысты нақтылы заң актілері негізінде ақ-қараны таныту.
«Экономика тынысы» Хабарға экономика саласының бірқатар білікті мамандары қатысып, тұшымды ой білдіріп, тақырыптың лайықты деңгейінде ашылуына жәрдем береді.
«Денсаулық» Хабарға медицина саласының арнайы мамандарын шақырып, аурудың қалай алдын алуға болатындығы және емделу жолдары айтылады.
«Махаббат аялдамасы» Махаббат, достық, туған жер, адамгершілік қасиеттер насихатталатын әрбір бағдарламада өзгертіліп отыратын тақырыптар аясында жастарды қатыстыра отырып, олардың ой-пікірлері, басынан өткізген жағдайлары жайында ашық әңгіме өрбиді.
«Қазақ сарбазы» Бойында парыз, адамгершілік, ерлік, батырлық пен қаһармандық сынды жоғары сезімдер тоғысқан саптағы сарбаздардың әскери өміріне арналған патриоттық-сазды хабар.
«Балауса» Жас ұрпаққа қазақ этносын, салт-дәстүрін насихаттау, сол арқылы балалардың тәрбиесіне қажет рухани құндылықтарды сіңіру, адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа шақыру.
«Қазақ елінің қайраткерлері» Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмір өткелдері жайлы сыр шерту, азаматтық тұлғасын сомдау.
«Отандық өнім» Бағдарламада Елбасының индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бастамасы аясында табысқа жеткен отандық өндірушілер туралы, өндіріс ошақтарының, кәсіпорындардың жай-күйі жан-жақты айтылады.
«Ой-дода» Елдің ертеңі мен ұлттың болашағына қатысты кез келген тақырыпты ұлт зиялылары мен жастардың басын қоса отырып талқыға салу.
«Табиғат және біз» Халық тұтынатын табиғи өнім шығарып жатқан зауыттар мен фабрикалардың жағдайы, олардың тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан істерді қалың бұқараға насихаттау.
«Достық» ұйғыр тілінде Қазақстан Республикасындағы ұйғыр диаспорасының тыныс-тіршілігінен мағлұмат береді.
«Айтөбел» Ел мен жердің қадірі мен қасиеті, азаматтың ардалығы, ауылдар мен аймақтардағы айтулы тұлғалар және мемлекеттік дәрежеде қолға алынған амал- шаралардың бергені мен берері жайлы.
«Достық» корей тілінде Қазақстан Республикасындағы кәріс диаспорасының тыныс-тіршілігінен мағлұмат беру.
«Достық» неміс тілінде Қазақстан Республикасындағы неміс диаспорасының тыныс-тіршілігі туралы сөз етіледі.
«Кеш жарық, балақай!» «Кеш жарық, балақай» хабарында балаларға арналған қызықты ертегілер мен танымдық әңгімелер ұсынылады.
«Тіл мәдениеті» «Тіл мәдениеті» хабарының мақсаты - бабалардан мұра болып келе жатқан ана тілімізді саф күйінде сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге атсалысу.
«Әлеуметтік өмір» «Әлеуметтік өмір» хабары кез келген саланың әлеуметтік мәселелерін сөз етіп,атқарылып жатқан нақты істерді тыңдарман қауымға жеткізуді мақсат тұтады
«Алаш жастары» Қоғамның әр түрлі саласында қызмет атқарып, елге қызмет етіп жүрген талантты жастармен белгілі бір тақырыпта сұхбат құру
«Ұлағат» Қазақ халқының дүние танымы мен салт-дәстүрі бойынша белгілі бір тақырыпты сөз ету
«Ислам құндылықтары» Жас ұрпаққа ислам дінінің тарихын, мұсылман баласының өмірінде алатын орны мен қағидаларын ғылыми негізде түсіндіре отырып, оның бүкіл қадір-қасиетін насихаттау.
«Достық» түрік тілінде Қазақстан Республикасындағы түрік диаспорасының тыныс-тіршілігі туралы сөз етіледі.
«Достық» татар тілінде Қазақстан Республикасындағы татар диаспорасының тыныс-тіршілігі туралы сөз етіледі.
«Достық» әзірбайжан тілінде Қазақстан Республикасындағы әзербайжан диаспорасының тыныс-тіршілігі туралы сөз етіледі.
«Елбасы Жолдауы» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оның орындалу барысын айшықтайтын бағдарлама.
«Шаңырақ шуағы» Хабар ұлттық асыл қасиеттерімізді ел арасында насихаттауға, ұлықтауға арналған.
- Әдеби-сазды
«Айдында жүзген ай сәуле» Ақын өлеңдері мен әсем әндерді қатар беру арқылы радиотыңдармандардың қазақ музыкасы мен поэзиясына деген махаббатын ояту.
«Ақ тілек» Әр шаңырақтың қуанышымен бөлісетін «Ақ тілек» құттықтау бағдарламасы күн сайын эфирге шығады.
«Інжу-маржан» «Інжу-маржан» хабары Қазақтың көне жыршылық-жыраулық поэзиясын, дәстүрін, және жыр орындаушыларын насихаттау мақсатында ашылған.
«Қаламгер» Қазақстан ақын-жазушыларының шығармашылық портреттерін ашып, тыңдарман халыққа олардың өмірбаяндары мен шығармалары туралы әңгімелеу.
«Қазақтың 1000 әні» Халық әндерін, өткен жылдардағы кәсіби композиторлардың шығармаларымен бірге қазіргі кездегі кең танымал әндерді насихаттау.
«Әннің де естісі бар...» Музыка өнерінің ірі, елеулі салаларына жататын және бүгінгі таңда музыка насихатында негізгі орын алатын жанрлардың бірі – қазақ эстрадасы мен ондағы қазақ эстрадалық әнінің музыкалық-эстетикалық деңгейіне бойлау.
«Парыз» «Парыз» – күллі қазақ баласының өз ұлтына деген махаббатын оятып, оларды ұлт мұраты жолында аянбай терін төгуге үгіттейтін хабар.
«Кіндігімді кескен жұрт» Белгілі тұлғалардың рухани болмысын сомдау.
«Хат жазып тұр!» Тыңдармандардан келген хаттарға шолу жасау.
«Безбен» Жас ақындардың бір өлеңін белгілі сыншыларға талқылату арқылы, оларды шындықтың көзіне тіке қарауға баулу болып табылады.
«Өнер адамы» Өмірмен, өнермен білек түре мәңгі жекпе-жекке шыққан тегеурінді сахна қайраткерлері мен қарымды өнерпаздар өнері қашанда ел назарынан тыс қалмауы тиіс.
«Маржан сөздің мәйегі» Ел аузында сақталған, «отауызды», «орақ тілді» ата- баба, билеріміздің қалдырып кеткен шешендік асыл сөздерін бүгінгі жас ұрпақ пен тыңдармандарымыздың бойына сіңіру.
«Білім көкжиегі» Қай елдің білімі жақсы дамыса ғылымы да жоғары өрлеп, сол елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз.
«Өмірдің өзі новелла» Әрбір адам тағдыры - бір кітап. Тағдыр туралы шындықпен шынайы жазылатын шығарма «Өмірдің өзі новелла» деп аталады.
«Түнгі тілдесу» Жастардың ұлттық салт-дәстүрлерімізге, тарих пен мәдениетке байланысты таным-білімдерін арттыру, отансүйгіштік сезімдерін ояту.
«Қазақ руханияты» Әдебиет пен мәдениетіміздегі, жалпы, рухани әлемімізге құндылық қосар барлық саладағы мәселелерді сөз ету.
«Ән шеруі» Қазақ радиосының 90 жылдығына арналған «ӘН-ШЕРУІ»-де дәл сол өнер өлкесі перзенттерінің әндерін насихаттай отырып, «Алтын қорымызды» байытуды мақсат тұтады.
«Біз екеуміз...» Хабар барысында жанұя жарастығын сақтап, татулықтың шырағын жаққан ерлі-зайыптылардың сырлы сұхбаты беріледі
«Муза» Әлемдік және ұлттық бейнелеу өнеріндегі озық үлгілердің тылсымына үңілу.
«Ән әлемі» Әсем әнмен қиялымызды көтеріп, сезімімізді сергітіп, көңілімізді шарықтатқан әншілер, компазиторлар мен ақындар «Ән әлемі» хабарында қонақта.
«Тамшылар» «Тамшылар» атты радиофестиваль-байқауының негізгі мақсаты -талантты балаларды біріктіру, әр ұлт өкілдері мен ұлыстарды жақындастыру.
«Алтын қор» «Алтын қор» мұрағатындағы бағдарламалар
«Дала дауысы» Эстрада әншілері арасында өткізілетін Халықаралық радиофестивалі
«Зиялы қауым» Қазақ зиялыларымен қызу сұхбат жүргізу нәтижесінде қоғам өміріне үн қосып, ұлтты ұйыстыру.

