22 ақпан
11:00
Биылғы Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатындағы сапар
Биылғы Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатындағы сапар
Өскемен қаласына жұмыс сапарымен Еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен «Қазақстан темір жолы ҰК»-ның президенті Асқар Мамин келді.  Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймаққа сапар жасау мақсаты – Биылғы Елбасы Жолдауын түсіндіру. Делегация қаланың кәсіпорындарына барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, «Востказнедра» аймақаралық аумақтық департаментінде Шығыс Қазақстанның кен пайдаланушыларымен кеңес болады. Кейін аталған топтың қатысуымен облыстың бизнес құрылымдары өкілдерімен жиналыс өтеді.