Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан:
Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңартудың түбегейлі мәселесі. Бұл - таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.



