Астаналықтар бұдан былай шеттен тасымалданатын көкөністі емес, Елорда маңында өсірілетін қияр-қызанақты тұтынады. Қазір бас қаланың төңірегінде бірнеше жылыжай салынып жатыр. Бірқатары өз жұмысын бастап та кетті. Бұл жұмысты қолға алғандар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшері төмен несие алған мекемелер. Жалпы Елорда бойынша бұл бағдарламаға 53 кәсіпорын енген. Кәсіпкер Жеңіс Досмағанбетов былай дейді:
Жылына 950 тонна қызанақ, 950 тоннадай қияр аламыз деп жоспарлап отырмыз. 12 айдың 9 айы бойы беріп тұрады. Күніне қалаға шығарып тұратын өніміміз жобасы - 6-7 тонна. Бұның бәрі – тамшы, жаңа технология, бәрі компьютермен.



