01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

 Семей қаласының бас жоспары қайта жасалатын болды
 Мұндай құжат қалада шамамен 20 жылдай болмағандықтан, ғимараттар қалай болса солай салынып келген. Қаланың бұрынғы бас жоспары Қайта құру кезінде өзінің маңыздылығын жоғалтқан. Өйткені онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ескерілмеген. Алматылық «Градо» ЖШС 4 жыл бойы осы жоспарды жасаумен айналысып, биыл оның жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Асхат Бәкіровтың айтуынша, жаңа бас жоба бойынша Семей, орталық, шығыс, батыс, солтүстік және оңтүстік болып бес ауданға бөлінеді. Қаланың орталық бөлігі темір жол бекетіне дейін кеңейтіліп, «Казкрай» ауданына көпқабатты үйлер салынбақшы. Сондай-ақ, Бобровка мен Мирный кенттерін қосатын үш көпір және жол автокөліктеріне арналған бір көпір салынады. Үлкен жүк көліктері қалаға кірмейтіндей, айналма жол салу да қарастылып отыр.