БАҚ беттерінен...
Толассыз тоқсан жыл
«Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджановамен әңгіме.
– Нұржан Жалауқызы, биыл Қазақ радиосы 90 жасқа толып отыр. Осы тарихи оқиға Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тойымен орайлас келді. Газет оқырмандары мен радио тыңдармандары атынан қос мереке құтты болсын дейміз!
– Рахмет! Әлбетте, біз үшін Тәуелсіздіктің тойының мәні үлкен. Азаттық болмаса Қазақ радиосының үні де алысқа жетпес еді, шынайы шықпас еді. Сондықтан, біз радионың тойын Тәуелсіздік мерекесінің алдына түсірмей, содан кейін атап өтуді ұйғардық. Сөйтіп, алдымен бүкіл халықтың Тәуелсіздікке қосқан үлесі, бұл мерекенің мәні және соған орай жасалған индустриялық-инновациялық тартулар, ел бірлігі, жер тыныштығы, діндер татулығы жайында сөз қозғадық. Радионың да эфирі осы үлкен мақсатқа арналды. Жасампаз жиырма жылдың ішінде еліміздің жеткен жетістіктеріне жан-жақты шолу жасалып, «Тәуелсіздік шежіресі» мен «Тәуелсіздік тағылымы» атты хабарымыз күн сайын эфирге шығады. Әрқайсысы жеке тақырыппен белгіленген «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» хабарын үзбей бердік. Қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің лебіздерін жеткізетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» хабарын осы қатарға қосқан жөн.
– Қазақ радиосының тарихын толық таратып шығу бір сұхбаттың аясына сыя қоймас. Небір белгілі тұлғалар қызмет атқарды. Небір дүлдүл дауыстар эфирге шығарылды. Ең бастауын айтпасақ та, беріде белгілі қайраткерлері болғаны анық. Олардың басынан өткізген оқиғалары бүгінгі буынға тағылымды шығар?
– Ондай қайраткерлер де, оқиғалар да жеткілікті болған. Мәселен, Қанапия Мұстафин деген ағамыз 1957-1959 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Радио хабарлары мен телевидение жөніндегі комитетті басқарды. Қазақ коммунистік журналистика институтын және Алматы педагогика институтын бітірген. Оның алдында тракторшылар курсында оқыған. Бірнеше жыл Солтүстік Қазақстан облысы Бейнетқор ауданында трактор айдаушы болып, жер жыртқан. Жоғары білім алған соң 1937-38 жылдары Қазақ радиосының редакторы болған. Сол тұста редактор Қанапия Мұстафин 1937 жылы 19 қазанда партия қатарынан шығарылыпты. Оған «Сәбит Мұқановтың сыбайласы» деген айып тағылған. Екеуінің Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келгені белгілі. Қаншалықты «сыбайлас» екенін «үштік» анықтап үлгергенше жазушы Сәбит Мұқанов Мәскеуге арызданып, өзінің кеңестік заман мен большевиктік партияны жырлап жүргенін дәлелдеп шығады. 1937 жылы 17 қарашада Сәбит Мұқановтың партиялығы қалпына келтіріледі. Сонымен бірге Мұстафиннің да партиялық билеті қайта қолға тиген. Егер Сәбит Мұқанов сотталып кеткенде, Қанапия Мұстафин Қазақстандағы радио мен телевизия ісінің бірінші басшысы деңгейіне дейін жетпес еді.
Бірде Министрлер Кеңесі жанындағы комитет, бірде Мәдениет министрлігі жанындағы бас басқарма түрінде жұмыс істеген радио саласына телевидениенің қосылуы осы Мұстафиннің басшылығы тұсында жүзеге асты. 1957 жылы 12 маусымда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне арнайы хат жолдады. Онда КСРО Министрлер Кеңесінің «КСРО Министрлер Кеңесі жанынан Радио хабарлары мен телевидение жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы» қаулысына сәйкес Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан Радио хабарлары мен телевидение жөніндегі мемлекеттік комитет құру қажет деді. Және комитет төрағасы етіп Қанапия Мұстафин жолдасты бекітуге ұсыныс енгізді. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатындағы 708-қордың 69-тізбесінің 1939-ісіндегі 51-беттен көре аласыздар.
Міне, радио қызметкерлерінің де тарихтың ауыр жолдарынан өткенін осы мысал аңғартады. Сөз арасында айта кетсек, радиомыздың «Алтын қорында» Сәбеңнің керемет үні, келелі пікірлері сақталған. Мен алғаш радиоға қызметке алынғанша, тіпті біздің буын студент болып Алматыға келгенше Қанапия ағамыз өмірден өтіп кетіпті. Ал өз басым Хамит Хасенов, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев сынды тұлғалардың Телевизия мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетті басқарған кезін көрдім. Сол ағалардың жолын жалғастырып отырғанымды мәртебе санаймын. Қазақ радиосының «алтын дауысы» Әнуарбек Байжанбаев ағамыздың ел мәдениеті мен өнерінде алар орны ерекше.

– Әңгіме орайында біз де осы «Қазақ Левитаны» аталған тұлға жайында сұрамақ едік…
– Қазақ радиосының сағат сайын шығатын жаңалықтары Әнуарбек Байжанбаевтың оқуында тыңдармандарға айрықша әсер ететін еді. Әнуарбек ағамыз бізді – жастарды үнемі маңдайымыздан сипап, арқамыздан қағып отыратын. Әр хабарды қағыс қалдырмайтын. Ол кісінің біздің хабарымызды оқуы ең үлкен марапат сияқты көрінетін. Әуезовтің, Мұстафиннің, Маяковскийдің шығармаларын радиодан оқыған Қазақ ССР халық әртісінің қатарға енді қосылған жас журналистің шығармасын оқып беруі – ағалық пен қарапайымдылықтың қатар өрілген көрінісі деп бағалаймын. Әнекеңнің қызметі – барлық радио қызметкерлері үшін эталон. Қазір Қазақ радиосы Әнуарбек Байжанбаев атындағы арнайы сыйлық тағайындаған. Мерекелік кеште біз басқа марапат алушылармен қатар, осы сыйлықтың иегерін де білетін боламыз.
Мырзабек Қуатбеков деген ағамыз да керемет дауыс қана емес, кеңпейіл кісілік қасиетімен баурап тұратын. Нәзила Баймұратова апамыз ұзақ жылдар осы Қазақ радиосының ыстығына күйді, суығына тоңды. Әлі күнге шаршамайтын Қасымхан Ерсарин, Сауық Жақанова сынды ардагерлер жас мамандардың бір емес, бірнеше толқынын қалыптастырды.
Радио ардагерлері Светлана Мусина, Төрехан Тасболатов, Руслана Құдайбергенова, Раушан Айтжанова, Фарихан Атханова, Таңат Доспаев және басқа аға-апа журналистер еңбегі – Қазақ радиосының жарқын беттері болып саналады. Соның бәрі ескерусіз, елеусіз қалмақ емес. Көзі тірі ардагерлердің естеліктері мен сұхбаттары және өмірден өтіп кеткен майталмандарға арналған очерктер Қазақ радиосы эфирінен беріліп жүр.

– Радиосыз өмірді елестету мүмкін емес. Елді елең еткізер жаңалықтар мен сан алуан қуанышты хабарларды халыққа жеткізуден жалықпайсыздар. Тоқсан жыл ішінде оның да тәсілі талай өзгерген шығар.
– Әлбетте. Біз қызметке келген сексенінші жылдар басында иыққа асып жүретін «Репортер-6» атты аппарат болатын. Оның өз салмағы ауыр. Бұған қосымша батареяларды, таспаларды қоссаңыз, бір кісіні шаршататын жүк шығады. Бізден бұрынғы аға буын одан да ауыр магнитофон-репортерді көтеріп жүрген. Біз болсақ R-6-ны арқалап іссапарларға аттанатынбыз. Ал монтаж қайшы мен желім арқылы жүзеге асатын. Кейін бір таспадан келесі таспаға магнитті түрде көшіріп монтаждау аппараттары келгенде қатты қуанғанбыз. Бұл күнде әлгі техниканы біздің корпорациядағы музейден ғана көресіздер. Қазіргі журналистердің қолында сіріңкенің қорабындай ғана диктофон жүр.
Екіншіден, техникалық жетістіктермен қатар журналистердің жұмыс тәсілі өзгерді. Саунд-дизайнер, диджей сынды мамандықтар пайда болды. Бұрын дикторлар тек қағазда жазылғанды өзгертпей оқыса, енді эфирдегілер көрермен талабына орай жұмыс істеп, оның айтқанын орындауға тырысады. Басқа ақпарат құралдарымен қатар, радиодағы цензура жойылды. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы ғана емес, бүкіл елдегі демократияны орнықтырудағы ең маңызды қадамының бірі деп санаймын!

Үшіншіден, радионың эфир кестесі бұрынғыдай қатып қалмайды. Интерактивті бағдарламалар пайда болды. Эфирге кім сұрақ қояды, қандай сұрақ қояды, оны сценарийге жазып жатудың қажеті жоқ. Тікелей қосылымдар жүзеге асты. Астанадағы маңызды саяси немесе әлеуметтік, тіпті спорттық шаралардан кез келген уақытта эфирге тілшілер шығуы мүмкін. Бұрын ондай мүмкіндік «Қайрат» пен «Пахтакор» ойынының соңғы үш минутына ғана берілетін.
Алдағы уақытта Қазақ радиосы Астанада жаңадан салынған, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып ашқан «Қазмедиа» орталығынан шығатын болады. Сонда осы заманғы сандық технологияның ең соңғы үлгілерімен HD пішінінде жұмыс істей бастаймыз. Ол радио қызметкерлеріне тың серпіліс берері анық.

– Жаңа пішінге ауыстық деп тыңдаушыларды «Алтын қордан» айырып тастамайсыздар ма?
– Сұрағыңыз орынды. Бірақ, ондай күдікке еш негіз жоқ. Біз «Алтын қордың» шып-шырғасын шығармай сандық форматқа көшіріп жатырмыз. Бұл үшін корпорацияда арнайы комиссия құрылған. Қордағы 31 мың материал көшірілді. Бұл жұмыс тоқтамайды. Әлбетте, алдымен құнды, керек материал сандық форматта сақталады. «Алтын қор» – радионың, корпорацияның ғана емес, мемлекеттің меншігі. Мұнда қайталанбас дауыстар, әндер, күй¬лер жатыр. Кейін жекелеп, топтасып шы¬ғып жатқан жүз ән, мың ән, мың күй тәріздес жинақтардың бәрінің «Алтын қордан» алынғаны мәлім. Қазір ғасырлық мерейтойлары аталып өтілетін тұлғалардың ұрпақтары, іздеушілері алдымен біздің корпорацияға келіп, «Алтын қордан» сол қайраткердің дауысын сұрап жатады. Баукеңнің, Ғабеңнің, Мұхаңның, Сәбеңнің және басқа қайталанбас тұлғалардың пікірлері мен ойлары өз ауыздарымен айтылғаны үшін ғана емес, ұлтты, халықты сақтау қамымен айтылғаны үшін де әлі күнге маңызды. Содан рух аламыз. Содан халық үшін қызмет ету қажеттігін түйсінеміз.

– Жиырма жылдық белеске көтерілген Қазақстанның өресі өскен тыңдармандарын тартуда Қазақ радиосы көштен қалып қоймады ма? Өйткені, қазір неше түрлі радио эфирге шығып жатыр.
– Бәсекелестер мықты. Сондықтан біз әр сала бойынша тыңғылықты әзірленген хабарлар береміз. Ақпараттық қызмет жедел, «бүгін» деп басталатын, әрі анық-қанығы толық айқындалған жаңалықтарды ұсынады. Ол әрбір жарты сағат сайын қазақ және орыс тілдерінде жүреді. Әлеуметтік салада интерактивті хабарлардың ықпалы ерекше. Сондықтан тікелей эфирде өтетін «Денсаулық» және «Заңгер кеңесі» хабарларының рейтингі жоғары. Бағдарлама жүргізушісі Гүлбану Алпамысқызы былтыр «Сорос» қорының грантына ие болып, Польшаға барып қайтты. Орыс тіліндегі «Территория права» хабарында заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Н.Бәйімбетов тыңдармандар сауалына жауап береді. Бұл хабардың рейтингі бәсекелестерден көш ілгері екенін бәрі мойындайды. Тілшіміз Нұржамал Хасанқызы «Мемлекеттік тіл» бағдарламасы үшін 2-ші жыл қатарынан Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастырған байқауда 1-ші орынды иеленді. Қазақ радиосының табысы деп әскери-патриоттық тақырып¬та¬ғы «Қазақ сарбазы», еліміздегі ірілі-ұсақты қалалардың тарихымен таныстырып, бүгінгі әлеуметтік-мәдени жағдайын жұртқа жеткізетін «Шалқар даланың шаһарлары», отандық өндіріс жайлы «Отандық өнім» хабарларын айтуға болады.
Жастарға дін туралы дұрыс түсіндіру мақсатын көздейтін «Ислам құндылықтары» атты бағдарламамыз бар. Тікелей эфирде өтетін бағдарламаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Асылбек Әуезханұлы жүргізеді. Қазақ радиосының эфирінен күн сайын еліміздегі өзге ұлт өкілдері өз тілдерінде сөйлейді. «Достық» бағдарламасы неміс, ұйғыр, корей, түрік, татар, әзербайжан тілдерінде хабар таратады. Сондай-ақ, жексенбі күні осы ұлттардың тілдерінде концерттік бағдарламалар беріледі. Алдағы уақытта ұлы Абайды өз тілімізде және өзге тілдерде жақсылап насихаттамақпыз.

– Қазақ радиосының қоғамдағы ықпалы қандай? Биліктегілер тыңдай ма, тыңдаған соң хабарласа ма?
– Әлбетте. Біздің радиомызға министрліктер мен облыс басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері өте ықыласпен сұхбат береді. Оны тыңдаған адамдар өз сұрақ¬тарын жолдап жатады. Толғандырған мәселеге орай кеңес алып, мұң-мұқтажы шешілген тыңдармандар телефонмен, хатпен алғыс айтады. Радионың жеке сайты мен корпорацияның ортақ сайтына күн сайын ондаған пікірлер мен өтініштер жазылады. Оның бәрін назарда ұстаймыз.
Біздің хабарларымыз биліктің назарында жүреді. Шалғай ауылдардағы халықтың мұң-мұқтажын шешуге көмектесеміз. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы маңындағы ауылдардың бірінде тұратын тыңдаушымыз байланыс пен жарық жоқтығын айтып, мұңын шақты. Сол ауылға тілшілеріміз барып, арнайы репортаж дайындады. Нәтижесінде бір айдың ішінде әлгі ауылға жарық жетіп, телефон қойылды, тіпті радио желісі іске қосылды. Осындай мысалдарды көптеп келтіре аламын.

– Нұржан Жалауқызы, мана «Ал¬тын қорды» қалай сақтап жатқандарыңызды айттыңыз. Енді оны эфирден қайталап беру жайын айта кетсеңіз. Ән шырқалып, күй күмбірлеп жатыр ма?
– Қазақ радиосы ежелден әншілердің қызмет орны да болды. Мұнда көзі тірілерді ғана айтар болсақ, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Гулвира Разиева, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Ілия Жақанов, Лаки Кесоглу және басқа әншілер ұзақ жыл жемісті қызмет атқарды. Олардың орындаған әндері қаншама. Ал театрлар мен Қазақ филармониясында, «Қазақконцертте» қызмет еткен әнші-күйшілер, оркестерлер ай сайын, тоқсан сайын радиоға келіп, арнайы ән мен күй жазып кететін. Бұл дәстүр әлі сақталған. Қазіргі танымал әншінің бәрі жаңа әндерін алдымен Қазақ радиосына ұсынады. Оны Көркемдік кеңестен өткізіп, эфирге қабылдаймыз. Біздің журналистеріміз де арнайы сапарларға шығып, ел ішіндегі таланттарды қағыс қалдырмайды. Айталық, қазірдің өзінде Қошан Мұстафаұлы «Інжу-маржан», «Терме» хабарлары үшін әр облысты аралап, халқымыздың дәстүрлі әні мен жыр-термелерін жинап келеді. Соның бәрі «Алтын қорды» қалыптастырды.
Оны эфирден жүйелі беріп тұрамыз. Біздің Қазақ радиосында бірінші арнамен қатар «Шалқар» және «Астана» радиосы бар. Кез келген уақытта Қазақ радиосы мен «Шалқардың» бірінен ән тыңдай аласыздар. «Алтын қордың» концерттері күнделікті бір емес, бірнеше рет беріледі. Оны сондай-ақ жекелеген хабарларға пайдаланамыз.

– Дұрыс екен. Енді білейік дегеніміз – Қазақ радиосының халықаралық байланыстары қалай? Бұл радионы шет елдерде тыңдай ма?
– Қазір ақпарат кеңістігінде шекара жоқтығы белгілі. Біздің радиомызды интернет арқылы осы сәтте әлемнің кез келген нүктесінде тұрып тыңдай аласыздар. Ал радионың эфирдегі желісі негізінен FM толқынымен жүзеге асады. Қазақ радиосы біздің шекарамызға жапсарлас мемлекеттерді аздап қамти алады. Ал кезінде Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және тағы басқа да шет елдердегі қандастарымыз тыңдап келген «Шалқардың» таралу аймағы бүгінде республика тұрғындарының 65 пайызын қамтып отыр.
Тарату қызметімен біздің корпорация айналыспайтыны мәлім. Эфирді таратумен тікелей шұғылданатын «Кателко» мен «Казтелерадиодағы» әріптестеріміз және облыс әкімдері бұл іске көңіл бөледі деп үміттенемін.
Шетелдермен байланысқа келсек, «Мир» мемлекетаралық телерадио компаниясымен бағдарламалар алмасамыз. Енді «Россия» радиосымен әріптестік қарым-қатынас орнатуды көздеп отырмыз. Ол радио қазірдің өзінде Украина мен Беларусь мемлекеттерін қамтиды. Біз сонда тағы екі жүз миллиондық аудиторияға шыға аламыз. Кеден одағы аясында біздің де ақпараттық тауарымыз жүруі тиіс.

– Астанадағы жаңа «Қазмедиа» орталығына көшу Қазақ радиосының да тынысын ашатын шығар.
– Оған сөз бар ма?! «Қазмедиа» орталығын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада салынатын ондаған жобалар арасынан бірінші кезекке қойғаны белгілі. Бұл жерде ең жетілген сандық технология орнатылды. Оны игеру арқылы радио мультимедиа сапына түпкілікті қосылады. Қазақ радиосы мен «Шалқар», «Астана» радиоларында конвергентті редакциялар жасақталады. HD пішінімен жұмыс істейтін мамандар даярлаймыз. Техникалық сауаттылықпен қатар, кәсіби сауаттылық деңгейі жоғарылайтын болады. Астаналық мәдениетті орнықтыруға енді Қазақ телевизиясы мен Қазақ радиосы да атсалысатыны біз үшін үлкен мәртебе. Жеделдік бұрынғыдан да артады. Осының бәріне бай қазынамыз «Алтын қор» қосылатынын ескерсек, біздің Қазақ радиосына Қазақстаннан теңдес таппайсыздар.
– Әңгімеңізге рахмет. Тойларыңыз тойға ұлассын.

Әңгімелескен Жұмагүл ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ.
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН.
Бейсенбі, 22 Желтоқсан, 2011
Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы: Ұлттың үкілі үні
Биыл еліміз бейбітшілік пен жасампаздыққа толы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтті. Бұл - бүкіл әлемді дамыған экономикасының өркениетті үлгісімен, өзіндік дара құндылықтарымен дүр сілкінткен тәуелсіз жас мемлекетіміздің қазақстандық жолы! Бұл жеңісті жолды өзінің хабар тарату тұжырымдамасының басты бағдарына айналдырған Қазақ радиосы да биыл 90 жасты еншілеп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген айтулы датаға орай, тарих беттеріне шегініс жасасақ. Профессор Намазалы Омашев «Қазақ радиосына қанша жыл?» атты зерттеу мақаласында былай дейді: «1921 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақ АКСР Халық комиссарлар кеңесі сол жылдың қазан айынан бастап Орынбордан радиохабарлар тарата бастау жөнінде шешім шығарады». Яғни қазан айынан бастап қазақ даласында біртіндеп радио үні қалықтай бастайды...
Ғасырға таяу тарихы бар Қазақ радиосы талай-талай кезеңдердің куәсі болды: ашаршылық жылдары, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары, тың игеру, тоқырау, қайта құру дәуірі, Желтоқсан оқиғасы... Соңғы 20 жыл Қазақстанның Тәуелсіздігімен, тәуелсіздік жылдары атқарылған жасампаз жетістіктерімен тікелей байланысты.
Иә, Қазақ радиосы - ең алдымен дәуір үні. Жылнамаға XX ғасырда іліккен ұлттық арна тарихын екі кезеңге бөліп қарастырған жөн. 1921 -1991 жылдары еліміздің қалыптасуы мен дамуының талай шырғалаң өткелдерінен, ақтаңдақтары мен зобалаң сындарынан өтсе де ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтай білген Қазақтың радиосы 1991-2011 жылдары Тәуелсіз Қазақстанның әрбір жеңісті қадамын ұлықтаудың жаршысына, жанашырына айналды, мемлекетімізді айбынды елге, қуатты ұлтқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосты.
90 жылдың қойнауында қаншама азаматтар Қазақ радиосында еңбек ете жүріп, тыңдаушысы үшін қалтқысыз қызмет атқарды десеңізші!
Өткен ғасырдың 40-50-жылдарында Қазақ радиосында алғашқы өнер ұжымдарының (симфониялық, ұлт аспаптар оркестрінің) іргетасын қалағандар: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Бақытжан Байқадамов, Ұялбай Нүсіпов, Кеңес Дүйсекеев, Мұрат Серкебаев, т.б. болатын.
Әншілер: Суат Әбусейітов, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева, Лариса Политиди және бүгінде арамызда жүрген ағаларымыз Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Лаки Кесоглу, т.б.
Кешегі әйгілі дикторлар Әнуарбек Байжанбаев, Мырзабек Қуатбеков, ақын Мұқағали Мақатаев, Омархан Қалмырзаев, бүгінде Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, т.б.
Ел ықыласына бөленген ардақты ардагер журналист аға-апаларымыз Мақсұтбек Майшекин, Абай Өтегенов, Мадрид Рысбеков, Кенжебек Есімов, Нәзила Баймұратова, Сәркен Оспанов, Мария Лебедева, Өмірбек Байділдаев, Мансұр Сағатов, Ілия Жақанов, Игорь Бобряшов, Оразбек Бодықов, Дүйсенбек Қанатбаев, Дінәш Нұрмұхаммед, Махмет Түменбаев, Анатолий Солдатенко, Жолымбет Кейкелов, Александр Немчин, Әбдіхалық Досмағамбетов, сондай-ақ Қуаныш Орманов, Төлепберген Тобағабылов, Қасымхан Ерсарин, Евгений Рябов, Руслана Құдайбергенова, Юрий Девяткин, Үмітжан Балтаева, Құсман Игісінов, Светлана Мусина, Таңат Доспаев, Юрий Филипов, Раушан Айтжанова, Рыс Нүсіпова, Шолпан Шәкірова, Мұқай Байсейітов және тағы да басқа аға-апалардың отандық радионың дамуына сіңірген еңбегі ерекше.
Қазақ радиосы арқылы таратылған бағдарламаларымен танымал болған Марат Низамиев, Балзия Мирфаизова, Бағдат Мүптеке, Иманбай Жұбай, Лариса Коковинец, Игорь Денисов сынды орта буын журналистика өкілдерінің де қолтаңбалары айрықша.
Қазақ радиосы тарихында кең-байтақ еліміздің әр өңірінен тез әрі жылдам жаңалықтар жеткізіп, оқиға тамырын дөп басқан меншікті тілшілердің атқарған рөлі ерекше. Кәрім Бахретдиновтың, Валерий Розенберг, Ғалия Балтабаеваның, Сәбит Сүлейменовтiң, Жарасбай Сүлейменнің, Юрий Ченченко, Сағидолла Маштақовтың, Ахат Жанаевтың, Геннадий Побежимов, Жұмағазы Игісіновтің, Қалыбек Атжанның және тағы басқа тілшілердің еңбектері де Қазақ радиосының мәртебесі мен танымдылығының артуына аз ықпал жасаған жоқ.
Еркіндіктің таңы атып, еңселі ел атанған соң Қазақ радиосы елі үшін аянбай еңбек ететін, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жайында көл-көсір әңгіме айта алатын нағыз ұлтжанды ақпарат құралына айналды.
Бүгінде Қазақ радиосының бағдарламалары еліміздің барлық түкпір-түкпіріне естіліп, өз тыңдармандарымен тамырластығын нығайта түскен. Сондай-ақ www.kazradіo.kaztrk.kz сайтынан да тікелей эфирде (онлайн-режимінде) әлемнің кез келген нүктесінен тыңдауға мүмкіндік бар. Біле-білген адамға бұл - үлкен күш, ауқымды техникалық мүмкіндік. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, елдіктің сөзін сөйлеу, ұлттың абыройын асқақтату, халықты ұлы мұраттарға жетелеу - әрқашан да Қазақ радиосының басты мақсаты болып қала бермек.
Ұлы даланың үніне айналған Қазақ радиосы ұлттық руханияттың, қазақ өнері мен мәдениетінің қара шаңырағы. Салиқалы ойдың өрелі орамдары да, әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесі де осында. Сөз сәні мен тіл тәлімі де, ән әрі мен саз сыры да осында...
Міне, осынау ұлағатымен де талай ұрпақтың өмір мектебі болған ұлт үнжариясына қоғам құрметі де ерекше. Тоқсан жылдық тарихында осынау қасиетті қара шаңырақтан қанат қаққан, қазақ мәдениеті мен өнерінің болашағы үшін, ұлттық мүдде үшін адал еңбегімен тер төгіп, қолтаңбаларын қалдырған халқымыздың абырой-құрметіне бөленген талай танымал азаматтарды, мәдениет қайраткерлері мен өнер саңлақтарын білеміз. Біз сондықтан да, ең алдымен, бүгінгі ұрпаққа үлгі болар аға буын алдында әрдайым бас иіп, тағзым етеміз. Ұлттық арнаның ұлағаты да осында.
Ендеше, ұлттың үнжариясының дауысы әрбір шаңырақта әрдайым шалқи бергей! Қазақ радиосының 90 жылдық торқалы тойы құтты болсын!

22.12.2011 ж.
Мақат САДЫҚ, Қазақ радиосының директоры: Бұл – қазақ зиялы қауымының тойы!
Қазақтың қара шаңырағы, ұлтымыздың үні мен жаны болған Қазақ радиосына биыл – 90 жыл. Мәдениетіміздің мәйегі мен руханиятымыздың бай қазынасын халық ішінен жинап-теріп, оны жас толқынға жеткізіп, ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы қызметін атқарып келе жатқан мекеменің 90 жылдық торқалы тойы аталып өтуде. Тарих-тамыры тереңге кеткен Қазақ радиосының директоры Мақат Садықпен әңгімелескен едік.
– Қазақ радиосының мерейлі де мерекелі 90 жылдығы жоғары дәрежеде тойлануда. Ахмет Байтұрсынұлыша айтсақ, Алаш жұртының «көзі, құлағы һәм тілі» болған Қазақ радиосы туралы аз-кем айтып өтсеңіз…
– Қазақ АКСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радио хабарларын тарату жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады. Қазақ радиосының жүйесінде бүгінде республикалық үш ірі радиоарна бар. Қазақ радиосының ұлттық арна ретіндегі басты мақсаты – мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру. Онда тәулігіне 24 сағат бойы 150 хабар таратылады. Мұн¬дағы хабарлар эфирге, негізінен, қазақ тілінде, сосын орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілдерінде тарап отыр. Ал «Шалқар» радиосы – Қазақ радиосының қазақ тілінде хабар тарататын құрылымдық бөлімшесі. Бұл радионың құрылғанына 40 жылдан асты. Бүгінде ол тәулігіне 18 сағат хабар таратады. Қазақ халқының рухани мұрасын сақтау және дамытуды басты мақсат ретінде ұстанған. «Астана» радиосы – Қазақ радиосының жастарға арналған танымдық, ақпаратты-музыкалық хабар тарататын құрылымдық бөлімшесі. Әуе толқынына 1999 жылдан шығып келеді. «Ақ ниетпен – әр үйге!» ұранымен жұмыс істейтін радионың тәуліктік шығарылымы қазір 19 сағатты құрайды.
– Қара шаңырақтың қабырғасында қа¬зақ мақтанышына айналған қаншама белді арыстарымыз тәрбиеленіп шыққаны мәлім. Олар кімдер?
– Қазақтың қай зиялысын алсаңыз да, әйтеуір, радиомен байланысы бар екенін бажайлайсыз. Ескендір Хасанғалиев, Бибігүл Төлегенова, Сағымбай Қозыбаев жә¬не тағы басқалар осы радиодан түлеп ұшқан еді. Ахмет Жұбановтар Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін радиода қызмет етіп жүріп құрған болатын. Бұрын «Қазақстан» телеарнасының қызметкерлерінің бәрі әуелі Қазақ радиосында шыңдалып шығатын. Кейінгі жылдары ғана бұл үрдіс жойылды. Қазақ телевизиясының 50 жылдық тарихы болса, соның 45 жылдық ғұмырында Қазақ радиосынан тәрбиеленген майталмандар екені күмән туғызбаса керек. 90 жылдық – радионың ғана емес, барша қазақ зиялы қауымының тойы.
– Осы күні шетелдік радиолармен әріптестік байланыс орнату жағын қолға алып отырсыздар ма?
– Ресей, Белоруссия елдерімен Кедендік одақ құрылуына байланысты Отанымыздың кәсіпорындары, бизнесі, жалпы, барлық сала өз өнімін аталған елдермен бәсекелестікте көрсете білуі қажет. Бұл 90-ға толған Қазақ радиосын да айналып өтпейді. Мысалы, Ресейдің «Голос России» радиосы орыс тілінен бөлек, күн сайын қысқа, орташа және спутниктік желімен 38 тілде тәулігіне 151 сағат хабар таратады. Интернеттегі сайты 33 тілде жұмыс істейді. 150-ден астам бөлімі бар сайттың әлемнің 140 елінде оқырманы бар. Бізге осындай радиолармен бәсекелестікке түсетін заман туып тұр. Бұған дейін қазақ экономикасы мен саясатындағы жетістіктер өз ортамызда ғана айтылса, енді әуе толқындары арқылы алыс-жақын шетелдерге де тарататындай мүмкіндік туары сөзсіз. Бұл ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Н.Мұхамеджанованың біздің алдымызға қойған мақсатты жоспарлары соған үндейді. Бірнеше жыл әлемдік аренадағы радио және телевизия мэтрлерімен әріптес, қызметтес болған, танымал халықаралық компанияны басқарған Нұржан Жалауқызы Қазақ радиосының да дүниежүзілік стандартта халыққа қызмет көрсетуінің бағыт-бағдарын белгілеп отыр.
Сұхбаттасқан Арман СЕРІКҰЛЫ.
«Алаш айнасы» газеті.
22 желтоқсан 2011 жыл
Үні кетпес құлақтан!..
Қазақ теле-радио комитеті аталатын үлкен шаңыраққа қарайтын ол кездегі жалғыз телеарна «Қазақстан» мен Қазақ радиосына жұмысқа орналасу қиынның қиыны еді.
КазГУ-дің филология факультетінде оқып жүріп, Жастар редакциясындағы Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізетін «Көкпар», марқұм Әтипа Ысқақова апайдың «Әдептен озбайық», марқұм Салтанат Белтеновтің «Кездесу» хабарларына жиі қатысып, студенттік ой қосып жүретінмін.

Жатқан жері жайлы болғыр Камал Смайлов, Сағат Әшімбаев марқұмдар «мына қара қыз тегін емес, жүрегінде оты бар, білімді, рухы мықты» деп, диплом жетекшілерім Тұрсынбек Кәкішұлы мен Зейнолла Қабдоловқа асыра мақтап, аспирантураға түсу ешқайда қашпайтынын айтыпты. Сол диплом алысымен, арнайы шақырумен қабылданған Қазақ телевизиясындағы қызметімнен екі жылдан соң, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқаным үшін еріксіз босап қалдым. Ойланбастан бұрыннан қабілетімді танитын Қазақ радиосына барып, екі жыл бойы штаттан тыс тілші ретінде барлық редакцияларға жедел репортаждар дайындау арқылы басшылықтың сеніміне кірдім. Ақыры 1988 жылы балалар мен жастар редакциясына штатқа алындым. Бұрын тележурналист есебінде сол кездегі даңқы жер жаратын, радиодағы «Ұшқын» жастар хабарының біраз жігіттерімен Орталық комсомол комитеті ұйымдастыратын республикалық «Жігер» шығармашылық бригадасының құрамында сапарлас болғанымыз бар-ды. Апталап жүріп, шалғай ауылдарды бірге аралап, бір мақсатта жұмыс істеу, бір дастарқаннан дәм тату, бір шаңырақтың ауыз үй, төр үйінде қатарласып қона жату еріксіз достастырып жіберетін. Оған халықтың жалғыз «көк сандыққа» деген құрметін қосыңыз. Мен сол телевизиялық топтың редакторы болғандықтан сапарластарым ортасында бұқара үшін Ерназардың Ертөстігіндей бір төбе көрінетінмін.
Сол әсер радиодағы әріптестермен бірден қоян-қолтық араласып, жараса жұмыс істеуіме зор ықпалын тигізді.
«Кемедегінің жаны бір» демекші, бір редакция – бір қауым ел едік. Қызықта біріміз үшін бәріміз қуанып, қиындықта бірге мұңаятынбыз. Көбіне әрқайсысымыз күнделікті жасайтын хабарымыз үшін сүрлігіп жүретінбіз. Кілең сайдың тасындай, жүрегінде жастық оты маздаған жас жігіттер мен қыздар бірінен-бірі өтіп, өткір де өзекті, өршіл де өнегелі, өрісті бағдарламалар дайындайтынбыз. «Қандай тақырып қамтылмай жүр» деп, өзара ақылдасатынбыз. Қай салаға кімнің ыңғайы барын, істің көзін таба білетінді бірауыздан қолдап, жылт еткен жаңашылдыққа мәз болысатынбыз.
Әрқайсысымыздың өзімізге бөлінген жоспарлы жұмыстарымыз басымыздан асып жатса да, барған жерімізден бәріміздің хабарымызға керек тақырыптарды таспаға жазып, базарлық етіп ала келетінбіз. Кейбір сәттерде көңіл қаламаған тақырыпты басшыға жеткізбей-ақ, өз арамызда «ауыстыра» қоятынбыз. Әйтеуір, редакцияға жаманат сөз келтіргіміз келмейтін. Бір-бірімізді қорғау үшін ғана өтірік айтатынбыз. «Записке кетті» деген сылтауымыз дайын тұратын. Ол ұрланып жеткенге дейін бұрынғы жазып қойған таспалардан бірнешеуін дәлдеп қиып, тақырыпқа бөліп, «бабышкаға» орап, қолға ұстата қоятындай дайындап үлгеретінбіз.
Ап-ауыр репортерді иығымызға асынып алып, 5-10 минуттық таспа үшін бармайтын жеріміз жоқ-ты. Редакцияға ентіге кіріп, таспаға көшіре жөнелу, оны мұқият тыңдау, бір сөзін қалдырмай қағазға түсіру, одан артық-кемін екшеп, монтаж жасау, сценарий етіп толықтырып, машинкаға бастыру, студияда диктор сөзін жаздыру, соңында аппаратта режиссермен жағаласып отырып, әуе толқынына дайындау – өміріңнің қалай өтіп жатқанын да ойлатпайтын.
Әйтеуір апталық қорытынды сайын лездемеде хабарымыз туралы арнайы сайланған сарапшылардан бір ауыз жақсы пікір естісек, жанымыз қалмай қуанып, келесі бағдарламаны дайындауға «ұшатынбыз». Не деген қанағатшылдық десеңізші, дедектеп тыным таппай, уақытпен санаспай жүгіріп жүріп, «қаламақы, сыйақы алмадық», «пәтер кезегіне ілікпедік» деп есептесіп, жасымайтынбыз. Мен тіпті директордың кабинетіне де кірмейтінмін.
Жұмыс құралы – репортер бәрімізге бірдей жете бермейтін. Кезектесіп, бір-бірімізге көмектесіп, босай сала жүгіретінбіз.
Редакция басшысы, маман еңбегін орынды бағалай білетін Қасымхан Ерсарин аға бастаған ұжымның үлкенінде – үлкендік, кішісінде кішілік мол ұшырасатын. Ол кісілік сақтатып, құдды бір үйдің баласындай бауырмалдық қалыптастыратын. Күліп-ойнап, әзілдесіп, дәмдес-тұздас бола жүріп, еткен еңбектің берекелі болатынын сонда сезіндік. Бүгінде сол шақ, сол әріптестер, жігерді мұқалтпайтын қайран жастық – бәріміздің де сағынышпен еске алатын ғажап кезеңіміз болып қалды.
Қазір ортамызда жоқ: Махмет Түменбаев, Ағзамхан Егембердиев, Кенже Жармұхамбетов, Бақыт Досымов, Әбдіхалық Досмағанбетов, Ақыл Құланбаев, Мелдебек Айтаев марқұмдар және ел игілігіне еселеп үлес қосып жүрген қатарлас, қанаттас әріптестер: Нұржан Мұхамеджанова, Иманбай Жұбаев, Қанат Қайым, Қайрат Мұсақұлов, Әлімжан Сабыржанұлы, Қаршыға Есімсейітова; үлкен аға-апаларымыз: Нұрахмет Жорабеков, Рыс Нүсіпова, Фарихан Атханова, Мұрат Сыздықов, Тоқтарбек Қамшыбай, Ақбол Өмірзаққызы, Гүлжанат Түсіпханқызы, Болат Түлкібай, Риза Шындәулетова, Гүлбақыт Қайсенова, Шәрбат Сатыбалдықызы есімді тілеулес жандарды жүректен алған ып-ыстық орнынан еш қозғай алмаймын. Сондай кісілікті ортадан жиған тәжірибем – жалпы, Қазақ радиосындағы 14 жылым кейінгі өміріме, еңбек жолында өшпес ізін қалдырды.
Кезінде микрафон алдында өзім жүргізген әр алуан тақырыптағы бағдарламаны айтпағанда, тек әр жастағы балаларға арналған бір аптада берілетін «Тілашар», «Айгөлек», «Темірқазық», «Қызықты кездесулер» хабарлары, яғни баланың тап-таза көңілі, аппақ жүрегі, таусылмас тілегі, бал тілі мені бала тақырыбына жіпсіз байлап тастады. Құдайшылығымды айтсам, қиын да болса қызық балаларға қызмет етуді маңдайыма жазылған, пешенемдегі жазудай қабылдап кеттім. Бәлкім, бұл менің өмірдегі өз орным шығар…
Қазақ радиосының үні деген құдірет екен ғой. Қаршадайдан «құлақтан кіріп, бойды алған»: Әнуарбек Байжанбаев, Омархан Қалмырзаев, Мәмбет Сержанов, Жәнел Асқарова, Сауық Жақанова, Зияда Бекетова, Аманжан Еңсебаев, Бүркіт Бекмағанбетов, тағы басқа дикторларды көзбен көріп, тілдесіп, аға-апалап ізінен еріп, соңында жүрем деп кім ойлаған?! Дүйсенбек Қанатбаевтай қара сөз бен қара өлеңнің жорғасының: «Ешкім естімесін, радиода екеуміз-ақ мықтымыз. Саған бүгін неше хат келді, маған…!» – дегенін естіп, кішкене көзін күлкі жауып, әзіл-қалжыңымыз жарасып, қатар жүрем деп ойлаппын ба?!
Тоқсаныншы жылдардың соңына таман жасығынан асылын айырып қана жұмысқа қабылдайтын Қазақ радиосы да бей-берекет күй кешті. Ғафу ақынның «аспанға қарға қаптады, ақ сұңқар құстар жерде жүр» дегені келді. Басқасы – басқа, көмейіне бұлбұл ұя салғандай Сауық, Ұлжан, Шолпандай дикторлары керексіз болып, қысқартуға түсті. Радиосыз өмір жоқтай, өлермен болып еңбек еткен аузы дуалы, сөзі уәлі қаншама журналист далада қалды. Аумалы-төкпелі сол кезеңде «сыртта» қалғандарға үлкендікпен тоқтам айтып, ақылға шақырған алдыңғы буын өкілдерінің жанашыр сөзі, бірін-бірі іздеп хабарласуының өзі – мәртебелі Радиомыз берген жақсы сабақтай әсер етті.
Біз – радиолықтар әлі күнге дейін бір-бірімізді көруге, жүздесуге бар ниетімізбен асығып тұрамыз. Қайсымыз қайда жүрсек те, телефон арқылы табысып, шұрқырасып, арқа-жарқа болатынымыз бар.
Сексеннің төріндегі Қасымхан ағадан бастап, зейнеттегі Руслана, Рыс, Раушан, Райхан, Фарихан, Ақжол, Айнаш, Астанадағы Үмітжан Балтаева, Аққыз, Қарашаш тәтелерді көңіл төрінен түсіру мүмкін емес. Қысқасы, жұдырықтай жүректе Қазақ радиосында көп жыл бірге еңбек еткен әріптес, көзкөргендердің әрқайсысының өз орны бар.
Толқып, толғанып отырып, осы күнге жете алмаған, туған үйіндей болған радиосының 90 жылдық торқалы тойын көре алмаған марқұмдарды еске алып, оларға Алла иман байлығын берсе деп тілейміз. Ал «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, көңіл түкпіріндегі сағыныштарын «Шақыру қағазы» оятып, бүгінгі – 22 желтоқсанды тағатсыз күтіп жүрген барша радиолықтарға сәтті қауышу, естен кетпес басқосу бақытын тілейміз.
Ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосының торқалы тойы ардагер әріптестерден бастап, бүгінгілер үшін өнегелі үлгі қалдыруы тиіс. Өйткені бұл той қарсаңында жаңа басшылыққа осы радионың ыстығына күйіп, суығына тоңған, репортер көтеріп, таспамен жұмыс істеудің машақатын көрген, өз перзенттері: «Қазақстан» ұлттық теле-радио корпорациясының төрайымы болып Нұржан Мұхамеджанова мен Қазақ радиосының бас директоры болып Мақат Садық келді. Екеуі де – өз ісінің майталман маманы. Екеуі де – өз еңбегімен сатылап көтерілген жан-жақты тәжірибе иесі. Олар өз радиосының жоғын түгендеп, бағын жандырудан еш аянбасы анық.
Басқа да әріптестер сияқты мен де бақытымның бастауы болған – Қазақ радиосының аты аталса, үні естілсе, жүрегім лүпілдеп, «тек жақсы сөз айтылса екен» деп тұрамын.
Жасай бер, жасы 90-ға жеткен жасампаз Қазақ радиосы!
Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,
ҚР Мәдениет қайраткері,
ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы
ҚР Мәдениет қайраткері,
ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы
«Ана тілі» газеті
22.12. 2011 ж.
http://anatili.kz/?p=8128#more-8128
Радиосы қазақтың…
Дәукен ЖҰМАТҰЛЫ. Қазақ баспасөзінің абыройлы һәм беделді қара шаңырағы болып есептелетін – Қазақ радиосы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Күнделікті жедел ақпарат таратып, ел құлағын мазмұнды жаңалықтармен, ой қозғар хабарларымен, әуезді әндерімен, қос ішектен төгілген күйлерімен тербетіп отырған радионың бүгінгі таңдағы жетістіктері – еселі еңбектің игі нәтижесі.Ел ішінде «радиодан хабарлады», «радиодан айтты» деген сөз күні бүгінге дейін айтылып келеді. Жан жылуын сыйлар, нұр шуағын шашар сөздерден тәбәрік сыйлайтын дикторлардың қоңыр үнді дауыстары бірнеше буын ұрпақтың құлақтарына сіңісті болды. Әнуарбек Байжанбаев, Омархан Қалмырзаев, Мәмбет Сержанов, Жәнел Асқарова, Сауық Жақанова, Зияда Бекетова, Аманжан Еңсебаев, Бүркіт Бекмағанбетов сынды радио тарландарының дауыстары тыңдармандардың жүрегін жаулап алды.
Қазақ радиосы – тәрбие мектебі. Оны күнделікті тыңдап отырған адам – ұлттың жанашыры, елі мен Отанын шексіз сүйетін тұлғаға айналып шыға келеді. Дүниеде сөзден құдіретті, сөзден биік нәрсе жоқ. Қазақтың қара сөзін, сөз табиғатын терең сезінетін дикторлар өздерінің тұшымды әңгімелері арқылы бүкіл елді баурай білді.
Бүгінде Қазақ радиосы, шын мәнінде, ұлттық радиоға айналды. Радиодан берілетін хабарлар елдің, ұлттың мүддесін, тіл, руханият, мәдениет, экономика, ауыл шаруашылығы мәселелерін кеңінен қозғап, қоғамға ой салатын дәрежеге жетті. Ұлттың үнжариясы саналатын радио әрдайым тыңдармандардың талғамынан шығып келеді. Кезінде қазақ радиосына қарата айтылған сыни пікірлер уақыт тұрғысынан алғанда өзінің дәйексіздігін танытты. Өйткені Қазақ радиосы, ең алдымен, ұлттың үнін, халықтың сөзін айтумен қатар, бұрыннан қалыптасқан дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұлттың салт-санасы мен дүниетанымын барынша сақтап келеді. Қаншама жылдар өтсе де, Қазақ радиосы тек өзіне ғана жарасып тұратын бағытынан айныған жоқ. Тәуелсіздіктің елең-алаң кездерінде де халық радио толқынынан бір сәт қол үзген емес. Өйткені елдің өсуі, халық арасында болып жатқан игі жаңалықтардың барлығы радиодан хабарланып отыратын. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тыңдайтын ұлт үнжариясының айтары қашанда мол. Таң қылаң беріп атқаннан бастап жұмысына кірісетін радио елдің тамырын ұстай отырып, жүрегінің лүпілін терең сезінетін жақсылықтың жаршысына айналды. Рас, қазіргі заманда ақпараттық-технологиялар шарықтап даму үстінде. Олардың қатарында Қазақ радиосы да көштен қалмай, қарқынды бәсекеге лайықты болып, өз тыңдармандарының аудиториясын кеңейте түсті.
90 жылдық тойға толағай табыстарымен жетіп отырған Қазақ радиосының ұжымы бұл тойды биік деңгейде өткізді. Театрландырылған көрініске толы болған кешті тыңдармандардың сүйікті жүргізушілеріне айналған – Бақытжан Жармұхамбет пен Әсел Ергешқызы жүргізді. Салтанатты жиын барысында «Жас дикторлар» сайысында жеңімпаз атанған сөз шеберлеріне Әнуарбек Байжанбаев атындағы арнайы сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ Әнуарбек Байжанбаев атындағы арнайы төсбелгілермен радионың бір топ ардагерлері, атап айтсақ, Геннадий Марюхин, Жаңыл Аяпбергенова, Ескендір Хасанғалиев, Әбдірәлі Бөлебай, Аманжан Еңсебайұлы марапатталды.
Мерекелік кеш барысында Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаевтың, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Д.Мыңбайдың құттықтау хаттарын жиынға қатысқан Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ә.Асқаров табыстады. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиевтің құттықтау сөзін «Қазақстан» теле-радиокорпорациясы ақционерлік қоғамының басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова оқып беріп, радионың бір топ ардагерлері – Сағымбай Қозыбаевқа, Ермек Серкебаевқа, Сауық Жақановаға, Руслана Құдайбергеноваға, Лаки Кесоглуға, Гүлвира Рәзиеваға, Қуаныш Ормановқа, Маралтай Райымбекұлына министрліктің Құрмет грамоталарын табыстады. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Берік Шаханов, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин мерейтой иелеріне арнап өз еңбек ұжымдарының құттықтау сәлемдерін жеткізді.
Залға жиналған қалың көрермен Қазақ радиосының қыз-жігіттерінің де өнерлеріне тәнті болды. Радиожүргізушілер Гүлшат Тәкежанова, Ерлан Рысқали, Айнұр Сәрсенбекова, Жасұлан Наурызбайұлы және Мәдина Сахарбаевалардан құралған әншілер тобы халық әндерінен попурри орындап, көрермендерді әуезді әндерімен серпілтіп тастады. Жүргізушілер Бақытжан Жармұхамбет пен Әсел Ергешқызы да «Қарайладым» әнін әуелете шырқады.
Қазақ радиосын 90 жылдық меретойымен құттықтай келген өнер жұлдыздары Ескендір Хасанғалиев, Рамазан Стамғазиев, Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова, Айгүл Үлкенбаева, Қыдырәлі мен Қарақат, Тоқтар мен Бейбіт, Сәкен Майғазиев сынды өнер майталмандары ән мен күйден шашу шашып, мерекенің сәнін келтіріп, шырайын ашты.
«Ана тілі» газеті.
4.01. 2012 жыл
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҮНIНЕ АЙНАЛҒАН
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ. Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасын алып жатқан жазиралы бел мен айдынды көл, асқар таулар мен майсалы жер – қазақ халқының әлiмсақтан келе жатқан құтты қонысы, мерейлi мекенi. Осынау ұлан-ғайыр даланың иелерiн асқақ әнiмен оятып, күмбiрлi күйiмен дамылдатқан Қазақ радиосына – тоқсан жыл толып отыр.
Радио – дәуiр үнi, замана дауысы, қоғамның жүрек лүпiлi. Ғасырға таяу тарихы бар Қазақ радиосы талай «тар жол, тайғақ кешулердiң», талай сүреңсiз кезеңдердiң куәсi болды. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргiн, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейiнгi қалпына келтiру жұмыстары, тың игеру, тоқырау, қайта құру, Желтоқсан көтерiлiсi… Соңғы 20 жылдағы Қазақстанның Тәуелсiздiгi, бәрi-бәрi Қазақ радиосының назарынан, ондағы қаламгерлердiң қаламынан тыс қалған жоқ.
90 жылдың қойнауында қаншама азаматтар елiмiздегi өнердiң және руханияттың қара шаңырағы атанған Қазақ радиосында еңбек ете жүрiп, оның iргетасын қаласты. Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Бақытжан Байқадамов, Ермек Серкебаев, Суат Әбусейiтов, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева, Ескендiр Хасанғалиев, Лаки Кесоглу сияқты композиторлар мен әншi-дирижерлердiң, Әнуарбек Байжанбаев, Мырзабек Қуатбеков, Омархан Қалмырзаев, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, т.б. әйгiлi дикторлардың күн-түн қатқан еңбектерi, құлақ құрышын қандырған дауыстары мен қоңыр үндерi әлi күнге елдiң жадында, құлағында.
Мақсұтбек Майшекин, Абай ?тегенов, Мадрид Рысбеков, Iлия Жақанов, Игорь Бобряшов, Оразбек Бодықов, Қасымхан Ерсарин, Дүйсенбек Қанатбаев, Құсман Игiсiнов, Төрехан Тасболатов, Дiнәш Нұрмұхаммед, Мұқай Байсейiтов, Жолымбет Кейкелов және тағы да басқа ел ықыласына бөленген ардагер журналистердiң отандық радионың дамуына сiңiрген еңбегi ерекше.
Еркiндiктiң таңы атып, еңселi ел атанған соң Қазақ радиосы елi үшiн аянбай еңбек ететiн, қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, тiлi, дiнi, өнерi, әдебиетi мен мәдениетi жайында көл-көсiр әңгiме айта алатын нағыз ұлтжанды ақпарат құралына айналды. Бүгiнде Қазақ радиосының бағдарламалары елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне тарап, өз тыңдармандарымен тамырластығын нығайта түскен. Қазақ радиосы халықаралык Интернет жүйесiне шықты. Соның нәтижесiнде дүние жүзiне, соның iшiнде Қытай, Монғолия, Түркия елдерiне және Қырғызстан мен ?збекстан Республикаларына радио хабарларын таратуға мүмкiндiк туып отыр. Бұл сол елдердегi қазақ диаспорасына арнап радиохабарларын беруге де жол ашты.
«4-студия күнделiгi»,«Тәуелсiздiк жолымен», «Қа- зақстан тоғысында», «Парламент күнделiгi», «Тәуелсiздiк жолымен», «Көзқарас», «Ғасырлар тоғысында», «Дөң- геленген дүние», «Көкейкестi сұхбат», «Ғибрат», «Парасат», «Көңiл ашар», «Ән шашу», «Армандастар» айдарларымен түрлi хабарлар ұйымдастырылып келедi.
«Қайырлы таң, қазақ елiө», «Ислам құндылықтары», «Мемлекеттiк тiл – менiң тiлiм», «Тәуелсiздiк тағылымы», «Кеш жарық, балақай», «Отандық өнiм» хабарлары жас ұрпаққа ислам дiнiнiң тарихын, мұсылман баласының өмiрiнде алатын орны мен қағидаларын үйрету, елiмiзде өмiр сүрiп жатқан өзге ұлт өкiлдерiне шұрайлы қазақ тiлiнiң шырынын сезiндiру, Қазақстан атты қасиеттi Отанымызды қастерлеп-құрметтеуге тәрбиелеу, бүгiнгi ұрпаққа Тәуел- сiздiктiң маңызы мен қадiр-қасиетiн сезiндiру, Елбасының индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында табысқа жеткен отандық өндiрушiлер туралы, өндiрiс ошақтарының, кәсiпорындардың жай-күйi жайында жан-жақты насихаттауды жүзеге асырып жүр. Сол сияқты «Жол картасы», «Парыз», «Тұлға», «Қаламгер», «Iнжу-маржан», «Наридiрген, «Айдында жүзген ай сәуле» хабарларының да көтерiп отырған жүгi ауыр, маңызды дүниелер.
Республика халқын қамту аумағы бойынша Қазақ радиосы бiрiншi орында тұр. Қазақ радиосының Бiрiншi бағдарламасын ел халқының 88,74ө-ы, «Шалқар» радио сын 62,04ө-ы, Елорда аумағында ғана хабар тарататын «Астана» радиосын 4,66ө-ы тыңдауға мүмкiндiгi бар.
Сондай-ақ, www.kazradio.kaztrk.kz сайтынан да тiкелей эфирде (онлайн-режимiнде) әлемнiң кез-келген нүктесiнен тыңдауға мүмкiндiк бар. Қазақ радиосы өзiнiң форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргiзетiн республикадағы бiрден-бiр радиостанса болып отырғаны радиотыңдаушы қауымға белгiлi.
Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және қазақстандық музыкадан тұрады. Бұл формат бiзге қазақстандық вокал мен операның шеберлерiн ғана емес, әлемдiк классика мен бүгiнгi таңдағы музыканың барлық бағыттарын /рок, кантри, джаз, хит және т.б./ сөз ететiн музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергi келтiрмейдi.
Ұлы даланың үнiне айналған Қазақ радиосының жүйесiнде бүгiнде республикаға хабар тарататын үш iрi радиоарна бар. Бiрiншiсi – «Бiрiншi бағдарлама». Бұл – Қазақ радиосының ұлттық арнасы. Басты мақсаты – мемлекеттiң ақпараттық саясатын жүзеге асыру. Ұлттық арна бүгiнгi таңда тәулiгiне 24 сағат бойы 150 хабар таратады. Мұндағы хабарлар эфирге негiзiнен қазақ тiлiнде, сосын орыс, немiс, кәрiс, ұйғыр, әзiрбайжан, түрiк және татар тiлдерiнде тарап отыр.
Екiншiсi – «Шалқар» радиосы, арнасы. Бұл – Қазақ радиосының қазақ тiлiнде хабар тарататын құрылымдық бөлiмшесi. «Шалқардың» құрылғанына 40 жылдан асты. Бүгiнде ол тәулiгiне 18 сағат хабар таратады. Қазақ халқының рухани мұрасын сақтау және дамытуды басты мақсат ретiнде ұстанған. «Астана» радиосы – Қазақ радиосының жастарға арналған танымдық, ақпаратты-музыкалық хабар тарататын құрылымдық бөлiмшесi. Әуе толқынына 1999 жылдан шығып келедi. «Ақ ниетпен әр үйге» ұранымен жұмысын бастайтын арнаның тәулiктiк шығарылымы қазiр 19 сағатқа жетiп отыр.. Қазақ радиосының баға жетпес асыл қазынасы – «Алтын қор». Бүгiнде мұнда жалпы көлемi 10 259 сағатты құрайтын 100 мыңнан аса жазбалар сақталған. Олардың iшiнде 1948 жылдан бегi тарихи жәдiгерлер, құнды хабарлар, небiр өнер, әдебиет және мемлекеттiк тұлғалардың дауыстары бар. Қазақстан композиторларының әндерi мен шығармаларының ноталық үлгiлерi де көздiң қарашығындай қорғалуда. Партитуралар саны 3085 дана болса, клавирлер 126 қорапқа жинақталған. Қазiр «Алтын қордағы» мұрағатты сантаңбалық форматқа көшiру қолға алынды.
Бiлiктi маман, ұзақ жыл радио мен теледидарда қызмет атқарған, танымал халықаралық компанияны басқарған Нұржан Жалауқызы Қазақ радиосының да дүниежүзiлiк стандартта халыққа қызмет көрсетуiнiң бағыт-бағдарын белгiлеп отырған сыңайлы.
Алда жаңа талаптар, жаңа мақсаттар күтiп тұр. Ресей, Белоруссиямен Кедендiк одақ құрылуына байланысты Отанымыздың кәсiпорындары, бизнесi, жалпы, барлық сала өз өнiмiн аталған елдермен бәсекелестiкте көрсете бiлуi қажет. Бұл 90-ға толған Қазақ радиосын да айналып өтпейдi. Мысалы: Ресейдiң «Голос России» радиосы орыс тiлiнен бөлек күн сайын қысқа, орташа және спутниктiк желiмен 38 тiлде тәулiгiне 151 сағат хабар таратады. Интернеттегi сайты 33 тiлде жұмыс iстейдi. 150-ден астам бөлiмi бар сайттың әлемнiң 140 елiнде оқырманы бар. Қазақ радиосына осындай радиолармен бәсекелестiкке түсетiн кезең келiп тұр. Ендi қазақ экономикасы мен саясатындағы жетiстiктердi төрткүл дүние түгел тыңдайтын болады. Қазақ тiлi, қазақ үнi, қазақ әнi – төрткүл дүниенiң түкпiр-түкпiрiне тарап, ұлттық рухымызды паш етпекшi. Оны қамтамасыз ету ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосының мерейлi мiндетiне айналмақшы.
«Алматы ақшамы» газеті
22.12.2011 жыл.
http://almaty-akshamy.kz/?p=6002
ҰЛТТЫҢ ҮНI Қазақ радиосы өзiнiң 90 жылдығын атап өттi
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ. Хабарларын тәулiк бойы тарататын Қазақ радиосы – елiмiздiң ең iрi ақпарат жүйесiне айналып отыр. Радионың Бiрiншi бағдарламасын республика халқының 88,74 пайызы, «Шалқарды» 62,04 пайызы, Елорда аумағына хабар тарататын «Астана» радиосын 4,66 пайызы тыңдауға мүмкiндiгi бар. Оның үнi республика жұртшылығының көп бөлiгiн қамтып қана қоймай, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралық аймақтарына дейiн жетедi. Ал, «Шалқар» ұлттық арнасының хабарлары елiмiздiң iрi қалаларына таратылады. Интернеттегi парақша арқылы Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимiнде тыңдауға болады.
Егемен елiмiздегi демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтiк және мәдени салалардағы iлгерiлеушiлiктердi шынайы тұрғыда көрсету, Тәуелсiз мемлекеттiң жаңа бейнесiн жасау – Қазақ радиосының негiзгi бағытына айналған. Қазақ, орыс, немiс, кәрic, ұйғыр, әзiрбайжан, түрiк және татар тiлдерiндегi бағдарламалар әуе толқынынан тұрақты шығып тұрады. Электронды БАҚ арнасынан Қазақ радиосы көрнектi орын алады. Әр сағаттың басы мен ортасында берiлетiн жаңалықтар топтамасына айрықша көңiл бөлiнген.
Бүгiнгi таңда Қазақ радиосы өзiнiң форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргiзетiн республикадағы бiрден-бiр радиостанса болып отырғаны да тыңдарманға белгiлi.
22-желтоқсанда Мұхтар Әуезов атындағы әкемтеатрда қазақ өнерiнiң қара шаңырағы атанған Қазақ радиосының 90 жылдығы үлкен мереке ретiнде аталып өттi. «Қазақстан» телерадио корпорациясының басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Қазақ радиосының өткенi мен бүгiнгi жетiстiктерiн сөз еттi. Радионы әр кезде басқарған директорлар, бас редакторлар, қатардағы редакторлық қызмет атқарғандар сөз алып, өткен кездерден қысқаша естелiк айтты.

Радио ардагерлерi, қазiргi таңда аға буын iстерiн iлгерi жалғастырып отырған буын өкiлдерi тиiстi төсбелгiлермен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Қанат Саудабаевтың, ҚР байланыс және ақпарат министрi Б. Жұмағалиевтың құттықтау хаттары оқылды.
Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов Қазақ радиосының 90 жылдығын атап өтуге жиналғандарды айтулы мерекелерiмен құттықтады. Салтанатты жиын соңы өнер қайраткерлерiнiң концертiне ұласты.

24.12.2011 жыл.
Ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосы 90 жылдық мерекесін салтанатты түрде атап өтті
Әуе толқыны Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен Қазақстанның сол кездегі астанасы — Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан хабар тарата бастаған екен.
Бүгінгі таңда тек өз елімізде ғана емес, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінде тәулік бойы 8 тілде, 150 хабар эфирге шығарады. Сондай-ақ интернет жүйесі арқылы онлайн режимінде тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруды басты мақсат еткен қара шаңырақтың «Алтын қорында» жалпы көлемі 10 259 сағатты құрайтын 100 мыңнан аса жазбалар сақталған. Олардың қатарында жетпіс жылдық тарихы бар құнды жәдігерлер, танымдық хабарлар мен дара тұлғалардың дауыстары бар. Қазақстан композиторларының әндері мен шығармаларының ноталық үлгілерін де осы мұрағаттан табуға болады. Мұндағы авторлардың өз қолымен жазған партитуралар саны 3085 дана болса, клавирлер шамамен 5-6 шығармадан 126 қорапты құрайды. Қазір «Алтын қорды» сантаңбалық форматқа көшіру жұмыстары жүзеге асуда.
Қазақ радиосының директоры Махат Садық әуе толқынының құрылымы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстары мен бағыт-бағдары, алдағы мақсат-мұраттары жөнінде:
- Алда жаңа талаптар, жаңа мақсаттар күтіп тұр. Ресей, Белоруссиямен Кедендік одақ құрылуына байланысты отанымыздың кәсіпорындары, бизнесі, жалпы, барлық сала өз өнімін аталған елдермен бәсекелестікте көрсете білуі қажет. Бұл 90-ға толған Қазақ радиосын да айналып өтпейді. Мысалы, Ресейдің «Голос России» радиосы орыс тілінен бөлек күн сайын қысқа, орташа және спутниктік желімен 38 тілде тәулігіне 151 сағат хабар таратады. Интернеттегі сайты 33 тілде жұмыс істейді. 150-ден астам бөлімі бар сайттың әлемнің 140 елінде оқырманы бар. Бізге осындай радиолармен бәсекелестікке түсетін заман туып тұр. Бұған дейін қазақ экономикасы мен саясатындағы жетістіктер өз ортамызда ғана айтылса, енді әуе толқындары арқылы алыс-жақын шетелдерге де тарататындай мүмкіндік туары сөзсіз. Бұл ретте «Қазақстан» Телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанованың біздің алдымызға қойған мақсатты жоспарлары соған үндейді. Бірнеше жылдар әлемдік аренадағы радио және телевизия мэтрлерімен әріптес, қызметтес болған, танымал халықаралық компанияны басқарған Нұржан Жалауқызы Қазақ радиосының да дүниежүзілік стандартта халыққа қызмет көрсетуінің бағыт-бағдарын белгілеп отыр.

Қазақ тілі, қазақ үні, қазақ әні — төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне қазақ рухын паш етуі — басты мемлекеттік мүдде.
Қазақ радиосын ғасырға бастаған үлкен көш салмағы — осы асқар асуды алуға жазсын! — дейді.
Қазақ радиосын ғасырға бастаған үлкен көш салмағы — осы асқар асуды алуға жазсын! — дейді.
Сонымен, әуе толқынының сән-салтанатымен аталып өткен тоқсан жылдық торқалы тойына ынтымақ, бірлігі жарасқан ұжымда ұзақ жыл тер төгіп, бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған 300-ге тарта ардагер шақырылыпты. Оларға «Қазақ радиосының ардагері» медалі мен Әнуарбек Байжанбаев атындағы төс белгі тапсырылды. Байланыс және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы өз иесін тауып, құттықтау хатын «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова оқыды.
Басшылықтың айтуынша, құт қонған қара шаңырақтың қуанышына ортақтасқан ақ тілектер жан-жақтан ағылып жатқан көрінеді. Ресми орындар мен ұлт зиялыларының бірқатары жүрекжарды лебіздерін эфир арқылы жеткізсе, үшбу хат жолдап ыстық ықыластарын білдіргендер де аз емес. Сондай құттықтаулардың бірі Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтан келіп түсіпті. Жеделхатта:
- Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мерейтойдың орны бөлек. Қазақ радиосы қазақстандық БАҚ тарихында 90 жылдан бері ғұмыр кешіп келе жатқан тұңғыш радио. Сондықтан бұл — тек Қазақ радиосының ғана емес, барша қазақстандық БАҚ-тың ортақ мерекесі.
Қазақ радиосы ХХ ғасырдың басынан күллі қазаққа жақсы жаңалықты, өзекті ойды, тағылым мен тәрбиені жеткізуден танбай келеді. 90 жылдық ғұмырында әдебиет пен мәдениеттің, ұлт құндылықтары мен ұлттар татулығының, ғылым мен білімнің насихатшысы болды.

Қазақ радиосы өз ғұмырында тек журналистиканың ғана емес, күллі ұлт зиялыларын ұшырған ұстахана болып келеді. Бұл арқылы Қазақстанның дамуына елеулі еңбек сіңірді. Мен осы игілікті жолдағы радио ардагерлері мен қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді.
Қазақстан үшін өткен 20 жыл табыстарға толы болды. Алда жаңа асулар бар. Әлемдегі құбылыстар, заман өзгерісі жаңа талаптарды қойып отыр. Қазақстандық БАҚ саласы да бұл талаптарға жауап бере алуы тиіс. 90 жылдық ғұмырында қазақ халқының үніне айналған Қазақ радиосы бұл өзгерістерді еркін еңсеріп, өзінің ғибратты ғұмырын ғасырларға соза береріне сенемін!» делінген.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
«Айқын» газеті
24.12.11 жыл
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=11673