|
«Мен қазақпын!»
Ақпараттық-танымдық, ойын-сауықтық бағдарлама
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі - жұма, 09.10-10.00
Ұзақтығы: 50 минут
Аптасына 5 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2006 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарлама халқымыздың асыл қазынасы болып саналатын атамекен, ұлт мүддесі, патриоттық тәрбие, тіл және дін, қазақтың дүниетанымы мәселелерін көтеріп, қол жеткен жетістіктер мен олқылықтарды талдап, тыңдарман қауымға жеткізуді көздейді. Бағдарламаның бірінші бөлімі сұхбатқа негізделсе, екінші бөлімі тыңдармандармен телефон арқылы байланыс орнатып, көтерілген мәселелерге қатысты оларға сұрақтар қойып, жаңа ақпараттар беруге негізделген.
Дүйсенбі күні «Мен қазақпын!» бағдарламасы атамекенге арналады. Бұл күндері қазақтың жер-су аттары, Қазақстанның қалалары, сол өңірлерден шыққан танымал тұлғалар, тарихи ескерткіштер, қорықтар, Қазақстанда мекендейтін аң-құстардың, өсетін өсімдіктердің қазақ тіліндегі атаулары, қазба байлықтары, қазақтың төрт түлігіне қатысты тақырыптар көтеріледі. Журналистер осы тақырыптарда қызықты деректер жинап, жедел сауалнамалар жүргізеді, шағын сұхбаттар ұйымдастырады.
Екінші бөлікте «Жерұйық» радиоойыны жүргізіледі. Бұл ойында қазақтың ақын-жазушыларының туған жерге қатысты шығармалары таныстырылып, солар жөнінде сұрақтар қойылады. Сонымен бірге, қазақ жерінің әсем табиғаты, тарихи ескерткіштері, қорықтары мен аң-құстары, өзен-су, тау атаулары туралы сауалдар болады.
Жауапты журналист: Досымжан Ермұрат.
Музыкалық жүргізуші: Жанар Нұрышева.
Сейсенбі күні «Мен қазақпын!» бағдарламасы ұлттық мүддеге, қазақ қоғамын толғандырып отырған ұлттық мәселелерге арналады. Онда қазіргі кезде еліміздің ұлт мәселесінде ұстанып отырған саясаты, ұлтымыздың қол жеткен табыстары мен әлі де атқарылуға тиіс міндеттері, өркениетке ұмтылысы, ұлттық құндылықтарды сақтауға талпынысы және басқа да мәселелер көтеріледі. Хабарды жасау барысында ұлттық идеология, елдік сана басты назарда ұсталады. Бұл күнгі хабарға «Ұлт ұрпағы» айдары да кей күндері қосылып отырады.
Екінші бөліктегі «Бұл қай қазақ?» радиоойыны Алашқа аты мәлім азаматтар өмірін насихаттауға арналады.
Жауапты журналист: Қанат Тұрар.
Музыкалық жүргізуші: Жанетта Сәдуақас.
Сәрсенбі күні «Мен қазақпын!» бағдарламасы патриоттық сезімді насихаттауға арналады. Бұл бағытта спорт пен әскери сала негізге алынады. Онда еліміз спортының бүгінгі хал-ахуалы сөз болады. Қазақ спорты мен әскерінің имиджін көтере түсу - хабардың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Хабарды жасау кезінде спортшыларымыздың жетістіктері сөз болғанымен, басты салмақ ар-намыс, отансүйгіштік тақырыптарына түседі. Сондай-ақ, отансүйгіштік тәрбиені насихаттауда жасалып жатқан әртүрлі шаралар да хабардың өзегі болады. Бұл мәселеде кездесіп жататын олқылықтар да айтылады. Сондықтан, спортшылар, бапкерлер, қоғам қайраткерлері, әскери мамандардың қатысуымен жедел сауалнамалар ұйымдастырылады. Әскери тақырыпты сөз еткен кезде еліміздің қорғаныс қабілетіне, жастардың әскери борышты өтеуге, халықтың Қазақстан армиясына деген көзқарасына баса назар аударылып, әскеріміздің беделін арттыру жолында насихат жүргізіледі. Ал спорт мәселесінде еліміздегі олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің, ұлттық спорт пен ұлттық ойындардың қазіргі деңгейі, оларды насихаттау назарда ұсталады. Спортшыларымыздың жалпы дайындығымен қатар, олардың намысын қайрап, психологиялық даярлығын арттыру ісіне көңіл бөлінеді.
Хабардың екінші бөлігінде «Елім менің» радиоойыны өткізіледі. Бұл бөлімде ұлттық спортқа, армияға және басқа да спорт түрлеріне қатысты сұрақтар қойылып, танымал спортшылар мен батырлар туралы мағлұматтар беріледі.
Хабарға жауапты журналист: Бақтияр Хамит.
Музыкалық жүргізуші: Маржан Нұржанова.
Бейсенбі күні «Мен қазақпын!» бағдарламасы мемлекеттік тілге арналады. Бұл күндері ана тіліміздің мәртебесі, оған қатысты түйіні шешілмеген мәселелер, аударма, сөздік, терминология, қазақ тіліндегі жарнама және тағы басқа тақырыптар көтеріледі. Журналистер осы тақырыпта жедел сауалнамалар жүргізіп, шағын сұхбаттар жасайды, тыңдаушымен тікелей байланыс ұйымдастырады.
Екінші бөлімінде «Өнер алды – қызыл тіл» және «Ана тілі–дана тілім» радиоойындары кезектесіп өткізіледі. «Өнер алды – қызыл тіл» радиоойыны шешендік өнерді насихаттауға арналады. Ал, «Ана тілі – дана тілім»ойынында хабарласқан тыңдарманның таза қазақ тілінде, өзге тілдердегі сөздерді қоспай сөйлеуіне ерекше мән беріледі.
Жауапты журналист: Ұлағат Ханзада.
Музыкалық жүргізуші: Ғалия Есқұлова.
Жұма күні «Мен қазақпын!» бағдарламасы дін, қазақтың дүниетанымы тақырыбына арналады. Онда ислам дінінің құндылықтары, қазақтың салт-дәстүрлері, мұсылмандық ғұрыптар, ұлттық танымның ерекшеліктері туралы айтылады. Хабарды жасау барысында этнографтардың, теологтардың, тарихшылардың, имамдардың пікірлері және түсініктемелері пайдаланылады.
Хабар жұма күні өтетіндіктен, мұсылман күнтізбесінде сол күннің маңызы туралы сөз болады.
Екінші бөлімінде «Дін тану», «Таным» радиоойындары өткізіліп, онда ислам дініне қатысты сұрақтар қойылады.
Жауапты журналист: Амангелді Құрметұлы.
Музыкалық жүргізуші: Сымбат Талғатқызы.
«Көкейкесті»
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, 12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2006 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Жанар Мырзағалиева.
Бағдарлама денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, жетістіктер мен кемшіліктер жөнінде сөз етіледі. Бағдарламаны жасау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру ісі насихатталады.
«Жас толқын»
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, 21.10
Ұзақтығы: 20 минут.
Аптасына 1 рет эфирге шығады.
Тілі: қазақша.
2006 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Жанар Нұрышова.
Мақсаты: Қоғамдағы жастарымыздың алар орнын айқындау. Олардың ойы, алдарына қойған мақсаты, кәсіби шеберліктеріндегі жеткен жетістіктерінен құлағдар ету. Қоғамдағы өзекті мәселелерге етене араласып жүрген жас буын өкілдерінің қызметі мен игі істері, жеке өмірі жайында хабар қонағының өз аузынан есту.
Хабар - әр айдарға лайықты арнайы роликтермен көркемделіп, бүгінгі жастарымыздың атқарып жатқан іс-әрекеті мен белгілі бір тақырыпта жеке пікірлерінен құлағдар етеді.
«Қазақ ғылымы»
Эфирге шығатын уақыты: сейсенбі, 12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Ұлағат Ханзада.
Бағдарлама отандық өнертапқыштардың табыстары, ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер жөнінде, әлемдік ғылымның даму үрдісі жайында баян етіледі.
«Тыңдаушымен тілдесу»
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі,12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2008 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Салтанат Сәдібекқызы.
Бағдарлама әлеуметтік және құқықтық салаға арналады. Хабарды жасау барысында зейнетақы төлеу, әртүрлі жәрдемақылар, азамттардың құқықтық сауатының артуы сияқты тақырыптар қамтылады.
«Ой түйін»
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі, 21.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Алмас Байдрахманов.
Бағдарлама Үкімет жұмысын насихаттауға бағытталған. Хабарда түрлі Үкіметтің бағдарламаларының жүзеге асу барысы, кемшіліктер мен жетістіктер сөз болады.
«Жаңару жолы»
Эфирге шығатын уақыты: бейсенбі,12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2008 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Алмас Байдрахманов.
Бағдарлама еліміздің ұстанған саяси, экономикалық бағыты, Президенттің тапсырмалары мен жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелерін сөз етеді.
«Бәсекелестік бағыты»
Эфирге шығатын уақыты: жұма,12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламада елдің бәсекелестікке қабілеті, экономикалық дамуы, бұл саладағы түрлі табыстар мен олқылықтар жайы сөз болады.
«Ел мен жер»
Эфирге шығатын уақыты: жұма, 09.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2005 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Бақтияр Хамит
Бағдарлама ауыл шаруашылығы саласына арналған. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы, астық пен мал шаруашылығының бүгінгі күйі, заманауи технологиялар мен ғылымды ауылдық өңірлерге тарту мәселесі сөз болады.
«Алақай»
Эфирге шығатын уақыты: сенбі, 09.35
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2006 жылдан бері эфирге шығып келеді
Балаларға арналған бағдарлама. Бағдарламаны жасау барысында хабарға бүлдіршіндердің өздері қатысып, түрлі өлеңдер оқып, ертегілер айтады, өнерлерін көрсетеді. Бұл бағдарлама балалардың шығармашылық дамуына арналған.
«Табиғат жаршысы»
Эфирге шығатын уақыты: жұма, 12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист:
Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау мәселесіне арналған. Бағдарламаны жасау барысында еліміздегі қорықтар, Қызыл кітапқа енген флора мен фауна, өндірістік қалдықтардың өңделуі сияқты көптеген тақырыптар көтеріледі.
«Жүрек қалауы»
Эфирге шығатын уақыты: сенбі, 21.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарлама елге танымал тұлғалардың сыр сұхбатына негізделген. Азаматтардың жеке өміріндегі түрлі оқиғалар, олардың балалық шағы және басқа да тақырыптар қамтылады.
«Тағдыр сыйы»
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 09.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарлама әйелдерге арналады. Аналардың жеткен жетістіктері, өмірі ұрпаққа үлгі болған әйелдердің қызметі мен ғұмыр жолы жайында сөз етіледі.
«Астана - Бәйтерек»
Радиожурнал.
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 09.35
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2006 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарламаны жүргізетін журналист: Салтанат Сәдібекқызы
Мақсаты: Астана қаласының еліміздің тарихында алатын орнының стратегиялық маңызы мен қаланың бүгінгі даму перспективасына байланысты Астанада тұратын әр сала мамандары мен сұхбаттар өткізу арқылы еліміздің бас қаласы - Астана қаласының мәртебесін асқақтату.
Радиожурналдың «Қонақ кәде» деп аталатын айдарында Астана қаласына еліміздің түкпір-түкпірінен қаланы көруге келген қонақтар Астана қаласынан алған әсерлерімен бөліседі.
«Жаңа ғасыр - Жаңа Астана» айдарында еліміздің бас қаласы, жаңа елордамыз - Астана қаласының мәдени, рухани өміріндегі оңды өзгерістер мен тың жетістіктер жайында сөз болады. Атап айтар болсақ, Елордадағы мәдени ошақтардың жай-күйі және Астанада қалыптаса бастаған мәдени инфрақұрылымдардың даму барысынан радиотыңдаушыларды үнемі үзбей хабардар етіп отырады.
«Астана және мемлекеттік тіл» айдарында Астанадағы мемлекеттік тілдің қолданылуы және даму барысы жөнінде тіл жанашырлары мен мамандардың қатысуымен арнайы сұхбаттар өткізіледі.
«Апта оқиғасы» айдарында Астанадағы бір аптада өткен есте қалар ерекше бір оқиға туралы айтылады.
«Көзқарас»
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 12.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Бағдарлама саяси сараптама сипатында жасалады. Бағдарламаның мақсаты - қоғамдағы түрлі оқиғаларға ұлттың мүддесі тұрғысынан қарау, жетістіктер мен кемшіліктерді мемлекет құраушы ұлттың ұстанымы тұрғысынан сараптау.
«Асыл қазына»
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 21.10
Ұзақтығы: 20 минут
Аптасына 1 рет эфирге шығады
Тілі: қазақша
2009 жылдан бері эфирге шығып келеді
Қазақстанның мәдениет саласына арналған бағдарлама. Бұл хабарда «Мәдени мұра» бағдарламасына енген мәселелер мен қазақтың салт-дәстүрі, ән мен күйі, жыр-дастандары, әдебиеті, мәдениеті сөз болады.
«Жаңалықтар»
Эфирге шығатын уақыты: Күнделікті. Әр сағаттың басында.
Ұзақтығы: 5 мин.
Еліміздің сырқы және ішкі саясаты мен қоғамдық-экономикалық өмірімен таныстыру және әлемдегі жаңалықтар топтамасы.
«Мен астаналықпын»
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі, 13:00
Ұзақтығы: 50 мин.
Астананың рухани өміріне атсалысып, позитивті имиджін қалыптастыруға бағытталған хабар. Астанаға қатысты көптеген сұрақ-жауап айтылып, ақпараттар беріледі.
«Түнгі аялдама»
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі, 21:00
Ұзақтығы: 60 мин.
Хабарда тыңдармандардың өтініштері бойынша әндер қойылады. Ойын-сауықтық айдарлары бар.
«101 пікір»
Эфирге шығатын уақыты: бейсенбі, 18:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Жастарға арналған радиосұхбат форматындағы хабар. Тікелей эфирде хабарласқан тыңдармандармен жастарға қатысты мәселелер талқыланады.
«Сэт ин сешн»
Эфирге шығатын уақыты: бейсенбі-жұма, 15:00
Ұзақтығы: 100 минут
Жастарға арналған радиосұхбат форматындағы хабар. Бағдарлама барысында танымал диджейлердің музыкасы қойылады.
«Таныс болыңыз»
Эфирге шығатын уақыты: бейсенбі, 12:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Қазақ халқының мәдени құндылықтарын насихаттауға арналған хабар.
«Желсіз түнде жарық ай»
Эфирге шығатын уақыты: сейсенбі-жұма, 21:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Қазақ халқының асыл мұраларын халыққа насихаттау бағытындағы хабар.
«Прайм тайм»
Эфирге шығатын уақыты: күнделікті, 11:00-1200 және 20:00-21:00
Ұзақтығы: 110 мин.
Құттықтау хабары.
«Көкпар»
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, 12:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Қазақтың тарихы, мәдениетімен қатар шет елдің жетістіктерімен халықты таныструға бағытталған хабар.
«Қас-қағым»
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі, 18:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Хабар барысында тыңдармандар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Тыңдармандарға қойылатын басты талап - қазақ тілінде таза сөйлу.
«101 пікір»
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 12:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Жастарға арналған радиосұхбат форматында өтетін хабар.
«Талқылау сөздігі»
Эфирге шығатын уақыты: сейсенбі, 18:00; жұма, 12:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға, «Ел бірлігі» доктринасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға арналған хабар.
«Сөз орамдары»
Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 15:00
Ұзақтығы: 30 мин.
Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен сөз тіркестері мен терминдерін халыққа жеткізуге, тілімізде бұрыннан бар тіркестерді халыққа насихаттауға арналған хабар.
«Жұлдызды Астана»
Эфирге шығатын уақыты:
Ұзақтығы:
Астанадағы жас әншілердің шығармашылығмен таныстырып, олардың өнерін халыққа таныстыру арқылы Астананың рухани өміріне атсалысуға бағытталған хабар.
«Дарын»
Эфирге шығатын уақыты:
Ұзақтығы: 30 мин.
Өнерде жүрген танымал және де енді ел ризашылығына бөленіп келе жатқан азаматтардың шығармашылығына арналған хабар.
«КиноАрт»
Эфирге шығатын уақыты:
Ұзақтығы: 10 мин.
Кино өнері, жаңа технологиялар мүмкіндігін насихаттауға бағытталған хабар. Бағдарламада қазақ киносы мен әлем кинематографиясының жаңалықтарынан топтама беріледі.
|