10 жылда кәмелетке толмаған жастар арасында 30 мыңнан астам неке қиылған

17:53, 5 желтоқсан 2017   222

ҚР 3 Кодексі мен 9 Заңына барлығы 53 толықтыру енгізілмек. Атап айтқанда «діни қызмет және діни бірлестіктер қызметіне» толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы қазақ радиосындағы «Кезең» бағдарламасында белгілі болды. Хабар қонағы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басқарма басшысы Мырзабек Балғаевтың мәлімдеуінше бұл әрекет деструктивті ағымдардың алдын алу үшін жасалып отыр.

«Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау – бірден-бір еліміздің қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Біз, ҚР зайырлы, құқықтық мемлекетпіз. Дегенмен, біздің қоғамда кейбір діни топтар пайда болып, өздерінің діни нормаларын заңнан жоғары қойғысы келіп жатады. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау салаларында, басқа да әлеуметтік салаларда діни нормалар жоғары болып кетіп жатады» дейді бағдарлама спикері. Әсіресе талақ мәселесі өзекті болып отырған көрінеді.

Соңғы 10 жылда 15-18 аралығындағы жастар арасында 30 мыңнан астам неке қиылған. Бұлардың басым бөлігі талақ алып, араларында бала қалған. Заңды тұрғыда бала да, ана да өздеріне ешқандай өтемақы ала алмайды. Яки, өздерін қорғай алмайды деген сөз. Осындай жағдайлардың ушығуына байланысты ҚР Неке және отбасы Кодексі мен Әкімшілік-қылмыстық Кодекске де өзгеріс енеді.

Заң жобасында өтініш білдірушілер тарапынан некені қию немесе тоқтату туралы куәлік ұсынылмаған жағдайда неке қиюға рұқсат берілмейді. Яки, мұсылман жолымен некесін қиғысы келетін жандар АХАЖ куәлігін , жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп қана мешіттерде некесін қияды. Тек ерекше жағдайларда ғана мешіттен тыс неке қиылады (мысалы ауырып төсек тартып жатса, бас бостандығынан айырылған жағдайда).

Заңға азаматтардың киім үлгілеріне қатысты да өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Ислам дінінің қағидаты деген желеумен паранджа, никаб секілді киім киіп, бетті түгел тұмшалауға болмайды. Мамандар киімнің бұл түрлеріне тиым салудың негізгі үш себебін алға тартады:

1) әлемде терракт жасаушылардың көпшілігі бетін тұмшалап, әйелдің киімін киіп, қару, құрылғыларын жасырады;

2) елімізде мешіттерде қылмыскерлер бетін бүркеп ұрлық жасайды;

3) парандажа кигендер зайырлылық талаптарын орындамайды, мешіттің ішкі тәртібін орындамайды.

Тіпті ондай киім үлгісі дәстүрімізге де қарсы. Егер басыңызға орамал таққыңыз келсе, шетелдің емес, қазақтың дәстүріне сай киінгенді жөн дейді дінтанушылар. Заңнамада өзгеріс енгізілмек тағы бір мәселе – шетелдерде діни білім алу мәселесі. Енді жерде шетелде діни білім алмақ азаматтар бірінші кезекте өз мемлекетіміздегі діни оқу орнын тәмамдап, сосын ғана шетелде білім алуды жалғастыруына болады.

Балғабек Мырзаевтың пайымдауынша қазақ қоғамының құндылықтарын бойына сіңірмегей, бірден шетелдік діл мен діни ілімді сіңірген жастар елге келгесін бүлік шығаруы мүмкін. Мысалы, таяуда Орал қаласында Әбдулхалил Әбдужаббаровтың, Павлодарда Әбдурахим Башпаевтың діни-экстремистік іс-әрекеті әшкереленіп,  сотталды. Олар екеуі де Сауд Арабиясында білім алған болатын.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.