Астана күнінде қайда баруға болады?

19:40, 4 шілде 2017   281

Елорда күнін мерекелеу аясында өтетін ірі шаралардың бірі ашық аспан астында өтетін рок-концерт болмақ. Кештің хэдлайнерлері «Motor-Roller» және «UMAY» топтары. Концерт 6 шілдеде қалалық алаңда өтеді, басталуы – сағат 20:00. Кіру – тегін.

Астана тұрғындары мен қонақтары ортағасылардағы көшпелілер мәдениетін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Елорда күні қаланың орталығында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанында «Көшпелілер қаласы» тарихи-этнографиялық, мәдени-ойын-сауық кешені орын тебеді. Елордамыздың қазіргі заманғы сәулеттік ғимараттарының ортасынан бой көтерген ортағасырлық қалашықта қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның аумағында мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан бірегей өркениеттің ерекшеліктерімен және байлығымен етене танысады, бұл сәулет қана емес, сондай-ақ ата-бабаларымыздың әскери техникасы да, тұрмысы да, мәдениеті де, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Этноқалашықта өткеніміз бен қазіргі заманғы үрдіс үйлесім табады. Көшпелілер қалашығыы өз жұмысын 6 шілдеде сағат 10:00-де бастайды және ЭКСПО халықаралық көрмесі аяқталғанша қыркүйектің 10-на дейін өтеді.

Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко елорданың 19 жылдығына керемет сый жасамақ.

Шілденің 6-сы күні әлемдік турне аясында үздік мәнерлеп сырғанаушылар Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Никита Михайлов, Анастасия Мартюшева, Нодар Маисурадзе, белгілі канадалық мәнерлеп сырғанаушы Эмануэль Сандю мен басқалары мұз айдынында ғажайып «Щелкунчик» шоу ертегісін көпшілік назарына ұсынады. Қойылым күн сайын шілденің 6-сы мен 15-сі аралығында сағат 19.00-де «Барыс Арена» стадионында өтеді. Билетті www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады, құны – 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін.

Бұдан басқа, әдемі костюмдер, әсерлі голограммалар мен бейнеэфффектілер көрермендерді тәнті етпек.

6 шілдеде сағат 15:00-де «Жастар» сарайының жазғы алаңында караокеден Астана әкімінің кубогына «Бәрі де ән айтады» ашық чемпионаты өтеді.  Финалда іріктеу турларынан және жартылай финалдан сүрінбей өткен үздік 15 қатысушы бақ сынасады. Топ жарған әнші әкімнің кубогын иеленіп, ақшалай сыйлық алады. Караокеден қалалық чемпионатқа белгілі орындаушылар қолдау көрсетеді. Ұйыымдастырушылар көрермендерге тосын сый жасау үшін олардың есімдерін әзірге, құпия сақтап отыр.

V «Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі аясында 6 шілдеде қала әкімдігінің жанындағы (қалалық алаңда) сахна төрінде Қазақстан мен Ресейдің 6 оркестрінің 200 музыканты «Серпер», «Сарыарқа» сынды үздік күйлерді орындайтын болады. Концерт сағат 13:00 - 15:00 аралығында өтеді.

Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады.

6 шілдеде Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің, Астана қ. Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрінің, МКҚ үрмелі аспаптар оркестрінің, Моңғолия Қорғаныс министрлігі Әскери училищесінің үрмелі аспаптар оркестрінің, Бішкек қаласының Мэриясы жанындағы үрмелі аспаптар оркестрінің, Орынбор қаласының үрмелі аспаптар оркестрінің қатысуымен парад-концерт өтеді.

Шеру сағат 10:00-де басталады және Республика даңғылының бойымен Әскери-тарихи музейден бастап «»Жастар  сарайына дейін өтеді. «Астана Самалы-2017» фестивалі Қалалық алаңда Плац-концертпен аяқталады. Басталуы сағат 16:00-де.

Елорда күніне арналған мерекелік шаралардың бірі «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өтетін жас таланттардың «Шаттық» халықаралық фестивалі болмақ. зерттелмегенді зерттеуге деген құлшынысын айқын жеткізеді. Басты шаралар «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Литва, Латвия, Беларусь, Грузия, Армения, Болгария, Поргтугалия, Чехия, Италия, Қытай және Түркия елдерінен келген жас артистер мен ұжымдар өз өнерлерін ортаға салады.

Мерекелік шаралар қаланың үш жерінде ұйымдастырылатын отшашумен аяқталады, атап айтқандаа, «Хан-Шатыр» СОСО жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, сонымен қатар Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысындағы саябақта. Отшашу сағат 23:00 басталады.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.