Елордалықтар қандай кітап оқиды?

21:28, 8 қаңтар 2018   499

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы оқырман сұранысына ие болған ең танымал кітаптардың тізімі жасады.

Ендеше, 2017 жылы астаналықтар ең көп оқыған «ТОП-5»-пен таныс болыңыз!

1. Мұхтар Әуезов, «Абай жолы»

Өткен жылы Мұхтар Әуезовтың  «Абай жолы» кітабын сұранысқа ие кітаптардың көшін бастады. Оқырмандар осы оқулыққа 12 000 рет тапсырыс берген. Айта кетейік,  М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді.

«Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.


2. Нұрсұлтан Назарбаев, «Жылдар мен ойлар» кітабы

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабын оқушылардың да қатары қалың.  Тіпті, оқырмандардың көңілінен шыққан тәрізді. Себебі, бұл оқулыққа 11 700 рет тапсырыс берілген. Жинақта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері топтастырылған. Ең көп оқылған  кітаптар тізімінде екінші орынға жайғасты.


3. Бексұлтан Нұржекеев, «Әй, дүние-ай» кітабы

Бексұлтан Нұржекеұлының әрбір туындысы оқырманына үміт сыйлайды, адамгершілікке шақырады, адами қарым-қатынасты дәріптейді. Ал, жазушының тарихи тақырыптағы туындылары тарихи дәлдігімен халықтың бастан кешкендерін көз алдыңа күні бүгінгідей елестетеді. 2016 жылы әдебиет саласы бойынша жазушының «Әй дүние-ай» романы Мемлекеттік сыйлық алды. Тарихи деректерге құралған роман Шәйі мен Тазабектің өмірі арқылы қазақтың тағдырын бейнелеген. Оқулықта жеке адамның тағдыры жазылмаған. Оқырмандар 9790 рет сұраған.

4. Ахмет Байтұрсынов, «Әдебиет танытқыш» кітабы

Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл жинағына «Әдебиет танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері топтастырылған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Оқырмандар  8765 рет сұратқан.

5. Ілияс Есенберлин, «Көшпенділер» кітабы

Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі,партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады. Тарихи романды оқырмандар -  7989 рет сұратқан.

Сондай-ақ, электронды кітапханада бойынша ең көп оқылған оқулықтар тізімі де анықталды. Олар:

  1. Сәуле Досжанова «Өгей жүрек» (Чужое сердце) кітабы – 9 700 рет оқылған.
  2. Ғарифолла Есім «Кемеңгер Мұхтар» кітабы – 8768 рет оқылған.
  3. Төлен Әбдік «Парасат майданы»  кітабы – 7326 рет оқылған.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.