Әсел Асқарқызы: Оқушылардың бойына сахна мәдениетін бастауыш сыныптан бастап сіңіру қажет

16:50, 10 қаңтар 2018   62

Еліміздің әр қаласында театр бар.  Бір ғана Астананың өзінде бес мемлекеттік және бір жекеменшік театр бар. Ал, осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес.

Қойылымның жетістігі – көрерменнің көптігінде. Бірақ, қазіргі қоғам театр табалдырығын аттай ма? Қазақтың баласына театр қажет емес пе? Қажет болса, неге бармайды?

Кез-келген спектакльден әскерилер мен мектеп оқушыларын үнемі кездестіруге болады. Себебі, оларды қинап театрға апарады. Бұдан не ұтамыз?

Бұл сауалға Қазақ радиосындағы «Сахна сыры» бағдарламасының қонағы прозаик Әсел Асқарқызы жауап берді.

«5 рет барсын, 10 рет барсын. Түбінде саңылауы бар түсінетін бала ешкімнің көмегінсіз-ақ өзі барады. Оны жетектеудің де қажеті жоқ. Үгіттеу де керексіз болып қалады. Бірақ, басында бастауыш сыныптардан бастап, балаларды қинап апарып үйрету керек. Нағыз идеологияның көзі – театр. Бала бару керек. Көру керек. Жай ғана көрерменнің ғана емес, сахнада өнер көрсететін актердің балалары сол мәдениет үйінде өсу қажет»,-дейді Әсел Асқарқызы.  

Әсел Асқарқызы баласы Дамирді 4 жасынан бастап театрға жетеледі. Бос уақытын қойылым көрумен өткізетін перзенті бүгін де 14 жаста. Кейде анасының жетегінсіз, түрлі туындыларды тамашалап жүреді. Жаңа шығармаларды күтеді.

Бұл жанұя мәдениет ошағына баруды отбасылық қағидаларына айналдырған. Бір қойылымды қайта көруден жалықпайды. Әсіресе «Ізгілік формуласы», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Абай», «Қызыл алма», «Күн сәулесесі түспеген», «Қымбатты помелла» қойылымдарын сүйіп тамашалайды.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.