Қазақ радиосының әуе толқынында жаңа жоба «Бәйтерек»


17:39, 25 қазан 2017   189

Береке бастауы – бірлік. Бірлігі болған ел, тірлігі оңған ел. Қазақстан Халық Ассамблеясымен Қазақ радиосының бірлескен жобасы «Бәйтерек» хабары  қалың тыңдарманға жол тартты. Бағдарламаның алғашқы санының қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай болды. Аталған ұйым мен Қазақ радиосының біріккен «Бәйтерек» жобасы еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың этностық діни ерекшеліктеріне қарамастан тоғыстырушы құрылым Қазақстан халық Ассамблеясының жұмысын көрсетеді.

Әр азаматтың өзіндік жеке болмысына қарамастан бізді ортақ  ойлар мен ортақ мақсаттар біріктіреді. Бірінші кезекте бұл әрине отанға деген махаббат. Мемлекетіміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау.Алғаш рет тұсауы кесіліп, тыңдаушыға ұсынылып отырған «Бәйтерек» бағдарламасының Қазақ радиосының эфиріне шығу мақсаты туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

«Бәйтерек» бағдарламасының жалпы идеясы - Қазақстандағы достық пен ынтымақтастықты, татулықты дәріптеу. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау. Бұл хабардың болашақтағы жоспары – әртүрлі этнос өкілдерін студияға шақырып, олар өздерінің идеясымен бөліссе, өздерінің мәдениеті, тілі, дәстүрі туралы айтса, солардың бәрі біздің еліміздің рухани байлығы, құндылығы болар еді.

Сонымен қатар, Елбасы айтқан, «Рухани жаңғыру» тек қана біздің ұлтымызға ғана емес, жалпы Қазақстандағы барлық ұлт өкілдеріне қатысты.. «Діннен қорықпаса да, дәстүрден қорыққан» деген ертеден келе жатқан сөз бар. Сондықтан, еліміздегі барлық ұлт өкілдеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде өздерінің ойларын айтып, өз ұлттары туралы ақпарат тыңдаса, оларға да жағымды болары анық. «Бір қауымдағы бір ел бақытты болса, сонда тұрып жатқан өзгелері де сол бақытқа ортақ болады» деген сөз бар. Яғни, Қазақстандағы тыныштық елімізде тұрып жатқан барлық этностардың арқасы деп айтуымыз керек»,-дейді.

Еліміздегі бірлік пен татулықтың бастауы Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдырлар талайына ұшыраған халықтарды, өзге ұлт өкілдерін құшағына сыйдыра білген қасиетті даламыз көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналып отыр. Еліміздің саяси-экономикалық және мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген этно-мәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясы қызыметінде алатын орыны бүгінде ерекше.

Олай болса, әр аптаның сейсенбісінде сағат 15:35 -те Қазақ радиосынң әуе тоқынынан шығатын екі үлкен ұжымның бірлескен жобасы «Бәйтерек» бағдарламасының тыңдаушысы болыңыздар.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.