Мырзағали Айтжанов: Басты мақсатымыз - Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың командалық есебін бірінші орынға шығару

18:20, 6 желтоқсан 2017   100

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына жолдама алған боксшылар жүлдесіз қайтпайтынына сенім білдіріп,  қоржынға кемінде 2 медаль салуды жоспарлаған. Алайда, боксшылар межені асыра орындады.  Германияның Гамбург қаласынан 10 спортшы 6 медальды  алып қайтты.  Бұл туралы Қазақ радиосының «Алдаспан» бағдарламасы айтылды.

«Ұлттық құраманың белді мүшелері кейбіреулері қолғаптарын шегеге ілді. Көп жылдан бері олимпиада ойындарына қатысып жүрген жігіттеріміз спорттық мансабын тоқтатты. Кейбіреулері кәсіпқой боксқа ауысты. Кейбір спортшылар жарақаттарына байланысты ем қабылдап жүрді. Сол себепті, 8 боксшы әлем додасында алғаш рет бақ сынады», - дейді Мырзағали Айтжанов.

Спортшылардың барлығы бұл жарысқа бірінші рет қатысқанымен, олардың өздерінің тәжірибесі бар. Бағындырған белесі бар.

Сондай-ақ, әлем спортшыларының басын қосқан жарысқа Қайрат Ералиев пен  Василий Левитте қатысты. Олар әлемдік додаларда топ жарып үлгерген боксшылар.  Бірақ, екі спортшы да әлем чемпионатының медалі болмаған. 

Айта кетейік, 25 тамызбен 3 қыркүйек арасында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 49 келі салмақта Ержан Жомарт, 52 келі салмақта Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев қорғады.

Қазақ радиосы

Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық - 18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық - 25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы - 3 пайыз;
  • Әдеби-сазды - 17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған - 5 пайыз;
  • Мұрағат - 5 пайыз;
  • Музыка - 25 пайыз;
  • Жарнама - 2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.